Құқықтық сауаттылыққа бағытталған жаңа кездесу

         Қарағанды қаласындағы Отбасын қолдау орталығында маңызды шара – құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өтті.

Акцияны Қазақстан Республикасының «Әділет органдары туралы» Заңының 19-бабына сәйкес, әділет органдары құқықтық насихаттауды ұйымдастыру бойынша ведомствоаралық үйлестіру функцияларын жүзеге асырады. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген «2025 жылғы ІІ-жартыжылдыққа арналған медиажоспардың» 4-тармағын іске асыру мақсатында Қарағанды облысының Әділет департаменті өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ кеңес беру түрінде тегін заң көмегін көрсету. Ашық есік күніне Қарағанды облысының нотариаттық палатасы, Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы, Заң консультанттары палаталары өкілдері, Қарағанды облысы Әділет департаментінің қызметкерлері және «Қарағанды қаласының отбасын қолдау орталығы» КММ мамандары қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп келеді және өз нәтижесін беріп отыр. Ең бастысы – сүрінген жандардың ертеңгі күнге деген сенімін оятып, өмірге жаңа көзқараспен қарауына мүмкіндік жасау.

Қарағанды қаласының «Отбасын қолдау орталығы» КММ ақпараты негізінде