«Құқық бұзушылықтың алдын-алу» атты дөңгелек үстел

Орталық аймақтың әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмәділовтің бастамасымен Қарағанды гарнизонында әскери сала мамандарының қатысуымен әскери бөлімдердегі құқық бұзушылықтың алдын-алу  бойынша жиналыстың отырысы өткізілді.

Қарағанды гарнизонына қарасты Ұлттық ұлан мен Қорғаныс Министрлігінің әскери бөлімдері арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, орын алар қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, әскер қатарына шақыртылған жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет. Заңдылықта сақтау — Тәуелсіздігімізді нығайтудың басты талабы болып табылады. Ал, құқық бұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Еліміздің Конституциясына сәйкес, әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Осындай өзекті мәселе Ұлттық Ұланның орталық өңірлік қолбасшылығының ғимаратында өткен «Құқық бұзушылықтың алдын алу» атты дөңгелек үстел жиынында қаралды. Шараның басты мақсаты: әскери бөлімдерде, мерзімді әскери қызметкерлер арасында  – қоғамға қауіпті әрекет, қылмыстық жауапкершілік, оған қолданылатын   жаза түрлері, кінәні жеңілдететін, жауапкершілікті ауырлататын жағдайлар туралы толық түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, салауаттылыққа  тәрбиелеп, өз әрекеттеріне баға бере білуге баулу. Дөңгелек үстелге Орталық аймақтың әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмәділов, «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұрат Агубаев, Ұлттық Ұлан сондай ақ Қорғаныс министрлігінің Қарағанды гарнизондарына қарасты әскери бөлімдердің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары, әскери полиция, психолог қызметкерлер жұмылдырылған.

« -Мұндай жиын аясында әскердегі қылмыстың, суицидтің, жарақаттанудың және әскери қызметшілер арасындағы Әкімшілік құқық бұзушылықтардың жыл сайынғы деңгейінің төмендеуі негіз болып табылады. Орталық аймақтың әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмәділов әскери қызметшілердің жарақаттану деректерін алдын-алу сонымен қатар денсаулығы мен өмірін сақтауын қамтамасыз етуіне негізгі көңілді бөлді. Қарағанды гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері әскери қызметшілерді спорттық-бұқаралық шараларға тарту жұмыстарын белсенді қолға алған » — дейді, өз сөзінде «Астана» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Мұрат Агубаев.