Волонтерлерге мүмкіндік беріледі

Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы волонтерлік ұйымдар мен жеке тұлғалар арасында гранттар конкурсын өткізеді. Қатысу үшін өтініштер тамыздың 4-нен 25-не дейін cmiko@inbox.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Конкурстың жалпы қоры 2 500 000 теңгені құрайды. Қаражат жеңімпаздар арасында тең үлестермен бөлінеді – 5 грант 500 000 теңгеден.

Қатысушылар конкурс нәтижелері туралы Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының @jasprokrg ресми аккаунтында хабардар етіледі.

Өтінімге куәліктің сканерленген көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, жарғының және құрылтай шартының сканерленген көшірмесі (бар болса), жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін) қоса берілуі тиіс. Өтінімде қосымша құжаттар болуы мүмкін, мысалы, ұсыныс хаттар, сертификаттар және т. б.

Грант алушыларды іріктеу 30 қыркүйекке дейін екі кезеңде жүргізіледі.

Қатысушылар ұсынған жобалар еріктілер қозғалысының күшімен Қазақстан халқының өзекті мәселелерін шешуге бағытталуы және конкурс бағыттарына сәйкес келуі тиіс.

Бұл:

1) — Әлеуметтік волонтерлік (жағдайы нашар отбасылардағы балалармен және жасөспірімдермен, жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істеу бойынша жобаларды әзірлеу;

— жалғыз басты қарт адамдарға тұрақты негізде жеңілдікті әлеуметтік қызметтер көрсету;

— жастарды кәсіптік бағдарлау;

— үйсіз адамдарға көмек көрсету;

— қамаудан шыққан азаматтарды әлеуметтік бейімдеу;

— халықты әлеуметтік қолдауға жаңа тәсілдерді пайдалану;

— абаттандыру, көркейту және жайлы қалалық орта құру және т. б.);

2) — зияткерлік волонтерлік және халықты білім беру арқылы қолдау (халықтың әлеуметтік осал топтарын жаңа мамандықтарға оқыту бойынша жобаларды әзірлеу; мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қосымша дағдыларға және қолжетімді кәсіптерге оқыту бойынша жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу);

3) — экологиялық волонтерлік (жас ұрпақтың экологиялық ой-өрісін қалыптастыру бойынша жобаларды әзірлеу, экологиялық мінез-құлық пен әдеттердің жаңа модельдерін дағдыландыру; қоқысты бөлек жинау жүйелерін енгізу; қалалық ортада жергілікті экологиялық проблемаларды шешу модельдерін әзірлеу бойынша жобалар (қоқыс тастайтын жерлер және т. б.); көгалдандыруға инновациялық тәсілдерді іздеу және т. б.);

4) — зооволонтёрлік (жас ұрпақтың үй жануарларына және жануарлар әлемін қорғауға жауапты көзқарасын қалыптастыру бойынша жобаларды әзірлеу; баспаналарға, ветеринарлық ауруханаларға көмек көрсету; қалалық ортада үйсіз жануарларға көмек көрсету; жабайы жануарлар мен құстардың популяциясын қолдау және т. б.);

5) — азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру (мүмкіндігі шектеулі және ауыр сырқаттары бар адамдарға көмек көрсету; түрлі аурулардың алдын алу; қарт адамдарды салауатты өмір салтына тарту; адамдарды аурулар мен күйзелістерден кейін әлеуметтік бейімдеу және оңалту; халықты психологиялық қолдау және т.б. бойынша жобаларды әзірлеу).

 

Жобаның мазмұны бизнес-құрылымдардың кейіннен қаржыландыру перспективасын көздеуі тиіс. Жоба 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 30 қарашаға дейін (екі ай) іске асырылуы тиіс. Сараптамалық комиссия қараған кезде белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштері бар жүйелі жоспарлар артықшылыққа ие болады. Жоба өтінім нысанына және барлық құжаттардың қосымшасына толық сәйкестікте ресімделуі тиіс. Грант қаражатын пайдалану туралы есепті грант алушылар 2022 жылғы 1–10 желтоқсан аралығындағы есепті кезеңде ұсынады.

  • Бұл біз сияқты еріктілер үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Алғашында ерікті болып бастағанымда ойымда тек қоғамға өз пайдамды тигізу болатын. Ал кейіннен мемлекеттен бізге үлкен қолдау көрсетіле бастады. Мысалы, ай сайын стипендия алып отырамыз. Сондай-ақ, түрлі маңызды іс-шаралардың басы-қасында жүріп, өзіме жақсы, білімді орта қалыптастыра алдым. Ал бөлінгелі жатқан гранттар – кезекті мүмкіндік. Өзімнің әзірлеп жүрген жобамды міндетті түрде ұсынамын,- дейді ерікті Ариана Дубцова.

Толық ақпарат алу үшін Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығына мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: Қарағанды қ., Әлиханов к-сі, 4, каб. 102 немесе нөмірі бойынша: (8-7172) 40-08-71.