Вакцинациялау туралы ресми ақпараттық ресурс Egu.kz бойынша

БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен (ҚР ДСМ ҚДСҰО), АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен балалардың жоспарлы вакцинациясы туралы ресми ақпарат пен медициналық зерттеулердің нәтижелері жинақталған сайт әзірледі.

Ақпараттық ресурста Ұлттық вакцинация күнтізбесіне енгізілген әрбір вакцинаның толық сипаттамасы бар. Сайтқа кірген кез келген адам вакцина қорғайтын инфекциялармен танысып, қарсы көрсетілімдер мен ықтимал жанама әсерлер туралы оқи алады.

Сайттың іске қосылуымен әрбір қазақстандық ата-ана аутизм және ҚПҚ вакцинасы туралы мифтің қалай пайда болғаны, неліктен балалар екпелерінде сынап жоқ екендігі, сондай-ақ инъекция орнын сулауға болатыны әлде болмайтыны жайлы білетін болады. Сондай-ақ вакцинация туралы мифтердің толық тізімі мен оларды әшкерелейтін сенімді ақпаратқа көз жеткізеді.