ТЖД техникалары мен өңірлік бөлімшелерінің су тасқынына дайындығы
Қарағанды облысында ТЖД техникалары мен өңірлік бөлімшелерінің су тасқынына дайындығы тексерілді. ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев пен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов Төтенше жағдайлар департаменті мен «Орталық» өңірлік қолбасшылығының күштері мен құралдарының көктемгі су тасқынына дайындығын тексерді.
Жалпы алғанда 122 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде 52 автокөлік құралы, 11 қайық және 59 су сору техникасы бар.
Өңірлік бөлімшелерді дайындауға ерекше назар аударылды.
Қарқаралы, Ақтоғай, Шет және Осакаров ауданына бөгеттер мен бөгет құрылыстарын нығайту, су бұру арықтарын тазарту үшін қосымша техника мен құтқарушылар жіберілді.
Сондай-ақ, су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг ұйымдастырылды.
Қарағанды облысы ТЖД ақпараты негізінде