Тыл барлық жерде сұранысқа ие

Жауынгер үшін барлық уақытта жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындаудың маңызды факторы оның қаншалықты тиімді қаруланғаны, уақытылы тамақтандырылғаны, киінгені мен жабдықталғаны болып отыр. Мұның бәрі – тыл органдарының қажырлы және жауапты жұмысы.

26-28 қыркүйек аралығында Ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығы базасында Қарағанды облысының 6505, 5451, 5516 әскери бөлімдерінің, Ақмола облысынан Көкшетау қаласының 5510 әскери бөлімі, Степногорск қаласының 3517 әскери бөлімі, Қостанай облысының 6697 әскери бөлімі, Солтүстік Қазақстан облысының 6637 әскери бөлімі Петропавл қаласының әскери бөлімінен келген азық-түлік және киім-кешек тыл қызметтерінің бастықтарымен оқу-әдістемелік жиын өткізді. Жиын барысында 3 күн бойы сабақ өткізіліп, өткен уақыттың қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге тылдық ресурстармен қамтамасыз ету жоспарлары жеткізілді.

«Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары, полковник Қажыбаев Қуаныш бүгінгі күні өңірлік қолбасшылықтың тыл қызметінің барлық міндетті орындауға кепілдік беретін деңгейде екенін атап өтті.

«Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі