Tulga bol: Жылжымалы жәрмеңке өтеді

Қарағанды облысында жастарды әлеуметтендіруге бағытталған Tulga bol республикалық жылжымалы жәрмеңкесі өтуде. Шара шеңберінде жұмысқа орналасу мәселелері, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру, тұрғын үй сатып алу, өз ісін ашу және басқа да бағыттар жөнінде кеңес беріледі.

Жастар үшін тегін шеберлік сабақтары дайындалады, Жастар ресурстық орталығының мамандары Soft Skills тренингілерін ұйымдастырады (түйіндеме жазу).

Акция 30 маусымға дейін облыстың әр ауданы мен қаласында жастар көп жиналатын орындарда өтеді. Қарағандыда жәрмеңке 16 маусымда «Таир» СҚ-да сағат 12:00-де өтеді.

Tulga bol республикалық жылжымалы жәрмеңкесін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2023 жылдан 2029 жылға дейін мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде іске қосты.