Туберкулездің алдын алу!
Елімізде 2026 жылғы 24 ақпаннан 24 наурызға дейін Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған туберкулездің алдын алу жөніндегі айлық жүргізіледі.
Айлықтың негізгі міндеті – халықты туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары туралы, туберкулездің алғашқы белгілері туралы, туберкулезді жұқтырудың қауіптілігі мен ауыр зардаптары туралы хабардар ету, денсаулық үшін ортақ жауапкершілікке тәрбиелеу; медициналық көмекке уақытылы жүгіну қажеттілігі, міндетті түрде профилактикалық тексеруден өту қажеттілігін түсінудіру, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Айлық барысында халық арасында, ұйымдасқан ұжымдарда туберкулездің алдын алу шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Туберкулез – қоршаған ортада кең тараған аса жұқпалы ауру. Қоздырғышы – сыртқы ортада тұрақтылық танытатын туберкулез таяқшасы. Ол адам ағзасына «кох таяқшасы» деп аталынатын қоздырғыш вирустың енуі арқылы пайда болады. Бұл таяқша ауада сақталады және адам организміне ауа тамшыларымен енеді. Әсіресе, қорғаныш қабілеті толық қалыптаспаған жас балалар үшін және әлсіз, дімкәс, ауруға жақынырақ тұратын ересек адамдар үшін бұл – өте қауіпті ауру болып саналады. Себебі, мұндай адамдарға ауру ауа арқылы тез жұғады. Инфекцияның негізгі көзі – өкпе туберкулезіне шалдығып, тиімді ем қабылдамай жүрген науқас адам. Түшкірген және жөтелген ол ауаға Кох таяқшалары бар ұсақ тамшылар аэрозолін бөледі. Бұл аэрозоль ұзақ уақыт бойы ауада сақталады. Сондықтан желденбейтін бөлмеде ол тыныс алу кезінде ауа арқылы басқа адамның ағзасына түсуі мүмкін.
Науқас жөтелгенде, түшкіргенде жақын отырған адамдардан бетін бұрып, аузы мен мұрнын бетпердемен жауып, қолын жиі-жиі жуып, бетпердені күніне бірнеше рет алмастыруға тиіс. Өйткені оған туберкулез микробтары өте көп жиналады. Әсіресе балаларды сақтандырудың барлық шараларын мұқият қараған абзал. Науқас адамның оларды қолына алып сүюіне, бір ыдысты ортақ пайдалануына, бір бөлмеде ұйықтауына, бәрінен бұрын төсекте бірге жатуына болмайды. Науқас адамның меншікті ыдыстары, заттары, төсек орны болуы тиіс, олар жанұяның басқа мүшелерінен оқшау сақталады. Туберкулезді жұқтырмай жүру мүмкін емес, алайда алдын-ала тексерілу мүмкін!
Егер сізде туберкулездің белгілеріне пайда болса, дәрігерге шұғыл түрде хабарласыңыз. Ауруды емдеу медициналық бақылаумен жүргізілуі керек, соның ішінде туберкулезге қарсы препараттар және дәрігердің ұсыныстарын орындау керек.
Сондай-ақ, салауатты өмір салты имидждің маңыздылығын ұмытпаңыз, бұл дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және зиянды заттардан бас тарту сияқты әдеттер иммунитетті күшейтеді және денені инфекцияларға қарсы шынықтырады.
Б.Е.АБЖАНОВ,
Қарағанды қаласы
Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
басшысының м.а.
Ж.Ж.БЕРКІМБАЕВА,
бөлім басшысы

