Қ. Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Мәскеуге келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге келді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің және ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның шақыруымен Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін мерейтойлық саммитке қатысу үшін Мәскеуге келді.

Ұйымның іс-шарасы 16 мамыр күні Кремльде өтеді.