Тиімді мүмкіндіктер
Экономика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық. Қарағандыға Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі келді. Аймақ басшысымен кездесуде жүзеге асырылып жатқан экономикалық жобалар ғана емес, өзара тиімді ынтымақтастықтың тиімді мүмкіндіктері де талқыланды.
Қазақстан Республикасындағы Нидерланды Корольдігінің Елшісі Нико Схермерстің ресми кездесуінде облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев облыстың өнеркәсібі мен инвесторларға арналған мүмкіндіктер туралы сөз қозғады.
– Біздің облыс ірі индустриалды аймақ. «Qarmet» АҚ, «Шұбаркөл көмір» компаниялары қызмет атқарады. Миллионнан астам халық өмір сүреді, – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Облыс экономикасының негізін қара және түсті металлургия, тау-кен және машина жасау салалары құрайды. Жалпы, жарты жылда облыстың сыртқы сауда айналымы 2,8 миллиард АҚШ долларын құрады. Біздің кәсіпорындардың өнімдері 50-ден астам елге, соның ішінде Нидерланды Корольдігіне экспортталады.
– Менің қолымда анықтама бар. Биылғы жылдың жеті айында, Нидерланды Корольдігімен тауар айналымының құны 25 миллион АҚШ долларын құраған. Сол себепті серіктес ретінде жұмыс істеуге негіз бар деп есептеймін, – деді аймақ басшысы.
Биыл «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймақ аумағында голландиялық капиталдың қатысуымен жоба күрделі қорытпалар шығаратын зауытты іске қосу жоспарлануда. Өңірде экономиканың әртүрлі саласында: сауда, тау-кен өнеркәсібі, ауылшаруашылығы және тағы басқа салада голландиялық компаниялардың 26 кәсіпорны мен өкілдігі бар.
– Мен сіздермен кездесуге келгеніме қуаныштымын. Қарағанды әдемі қала, оның дамуы, тарихы біз үшін қызығушылық туындатады. Елші болып жүріп, Қазақстан маған ұнап қалды. Сіздің аумақ біздің жерден үлкен, – деп атап өтті Нидерланды Корольдігінің ҚР Елшісі Нико Схермерс.
Қарағанды территориясы бойынша Нидерланды Корольдігінен алты есе үлкен, деді Нико Схермермерс және ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігі бар, сондықтан пайдалы іскерлік ақпаратты алу қызықты. Аймақ басшысы тек өнеркәсіпте ғана емес, білім, спорт, мәдени-гуманитарлық және басқа да салада өзара ынтымақтастыққа ашық екенін жеткізді.
Жұпар ТОНТАЙТЕГІ, «QH»