Тергеу қызметіне 60 жыл
Ішкі істер органдарындағы ең негізгі, жауапты қызметтердің бірі — тергеу саласы. Жыл сайын 6 сәуірде елімізде ішкі істер органдарының тергеу аппараттары қызметкерлерінің кәсіби мейрамы атап өтіледі. Биыл тергеу қызметіне 60 жыл толып отыр.
— Тергеуші қызметі — күрделі, жауапкершілігі мол міндет. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл сала біліктілік пен төзімділікті талап етеді. Бастысы, істі әділ тергеп, азаматтармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу қажет. Тегеуріні мықты тергеушілерді, осы салаға айрықша үлестерін қосқан зейнеткерлерді бүгінгі кәсіптік мерекелерімен құттықтаймын. Дендеріне саулық, отбасыларына бақыт, табандылықты талап ететін жүгі ауыр тергеу істеріне сәттілік тілеймін, — дейді полиция полковнигі Ш.Салин.
2023 жылғы 8 сәуірде Қарағанды қаласының ПБ бастығы полиция полковнигі Ш.Салиннің төрағалығымен өткен іс -шарада тергеу қызметінің 60 жылдық мерейтойына орай тергеу қызметінің 11 ардагері медальмен марапатталды, 10 тергеу қызметкерлерінің ата-аналары алғыс хаттармен марапатталды, 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 50 бұйрыққа сәйкес 12 тергеушіге алғыс жарияланды оның ішінде ең үздік 2 тергеуші атап айтсақ, Михайлов полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі полиция аға лейтенанты Альвина Андреевна Булеца, Орталық полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі полиция аға лейтенанты Жарас Жалғасбекұлы Сағындыков қол сағатымен марапатталды.
Эльмира Карим
Қарағанды қаласының ПБ