Теміртаулықтар жарады

25-27 мамыр аралығында 6 Қостанай қаласында «Орталық» өңірлік қолбасшылығының «Жазғы президенттік көпсайыс» жарысы өтті. Теміртау қаласының әскери бөлімнің намысын қорғауға барған әскери бөлімінің қызметшілері жарыстың нәтижесі бойынша жүлделі 3 орынға ие болды.
Атап айтсақ, жекелей сыңда:
30 жасқа дейін аралықта — лейтенант Иргибаев Сәбит І орын;
35 жасқа дейінгі аралықта кіші сержант Мунбаев Ержан — ІІІ орын;
45 жасқа дейін — 3 сынып сержант Альжанов Алмас орын жүлделі ІІІ орыңға ие болды.

Үш шақырымға жүгіруден кіші сержант Мунбаев Ержан I орынды иеленді.

Жеңімпаздар өңірлік қолбасшылықтың қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбековтың мадақтама қағаздарымен және Кубогімен марапатталды.

Жарысқа СҚО, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарынан келген әскери бөлімдерінің құрама командалары қатысты.

Жарыс барысында
-Макаров тапаншасынан ату (ПМ);
-қашықтыққа граната лақтыру;
— 50-100 метр қашықтыққа еркін стильде жүзу;
— 50-100 метр жүгіру;
— 1000-3000 метрге жүгіру сияқты спорт түрлерінен қатысушылар жоғары психологиялық ұстамдылық пен физикалық күйде жақсы дайындықтарын көрсетті.

— Бұл жарысқа 2 ай көлемінде дайындалғандықтан жарыс қиынға түспепті, бірақ қарсыластардың әзірлігі осал болмағады, бар ыңтамысты салып, бағымыз жанды, дейді кіші сержант Ержан Мунбаев.