Тегін тексерілуге мүмкіндік береді

МӘМС жүйесін енгізумен Қарағанды облысының тұрғындары үшін КТ және МРТ қолжетімді бола түсті. Өткен жылы пациенттер 123,5 мың рет тегін қымбат зерттеуден өтті.

Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгенге дейін, КТ және МРТ-ға тегін жолдама шектеулі мөлшерде және азаматтардың әлеуметтік қорғалмаған санаттары үшін ғана берілетін.

Салыстыра кетсек, өткен жылдың бірінші тоқсанында Қарағандының №1 көпсалалы ауруханасында бұл зерттеуден 974 пациент өтті. 2020 жылдың осы кезеңінде олардың саны 200-ге де жетпейтін. Барлығы 2022 жылы көпсалалы ауруханада 2 мыңға жуық сақтандырылған пациент КТ және МРТ өтті. Дәрігерлер зерттеу санының өсуін медициналық қызметтің қолжетімді бола түсуімен байланыстырды.

– Бұл жерде кез келген зерттеу пациенттің қалауы немесе талабы бойынша емес, айғақтар бойынша жүргізілетінін еске салғым келеді. КТ/МРТ жүргізу қажеттілігі бар ма, оны дәрігер бекітілген стандарттар мен диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес анықтайды, – дейді Қарағанды №1 көпсалалы емхана директорының орынбасары Радмила Ғабдракипова.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы