Тегін курстар өтеді

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы 26 маусым мен 21 шілде аралығында іскерлік этика, қаржылық сауаттылық, Telegram Tilda Taplink Canva және Microsoft Office қосымшасында жұмыс істеу сияқты бағыттарда кәсіби дағды қалыптастыру жөнінде тегін курстар өткізеді. Оқыту 14 жастан 34 жасқа дейінгі жастар үшін ұйымдастырылған.

Іскерлік пакет коммуникация және іскерлік келіссөздер дағдыларын сіңіріп, іскерлік әдеп негіздерімен, түйіндеме жасау, іскерлік хат жазу негіздерімен таныстыруға бағытталған.

Қаржылық пакет жастарды қаражатты дұрыс инвестициялауға және үнемдеуге үйретеді (отбасылық бюджетті басқару, инвестициялау және жинақтау дағдылары, білім беру депозиттері, криптовалюта және т.б.).

Біріктірілген оқыту форматы – онлайн және офлайн. Өтінімдер 24 маусымға дейін қабылданады.

Курстарға тіркелу үшін мына сілтемеге өту керек: https://docs.google.com/forms немесе @jasprokrg парақшасында.

Барлық сұрақ жөнінде мына нөмірлер арқылы байланыс орталығына хабарласуға болады: 8-705-300-32-03, 8-700-550-60-80.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының хабарлауынша, жоба өткен жылдан бері жүзеге асырылуда. Курстардан 100 адам өтті, биылғы жылы да сонша адамды қамту көзделіп отыр.