ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ШЫҒЫНДАРЫ СУБСИДИЯЛАНАДЫ

Биыл жергілікті фермерлерге қолдау көрсету мақсатында миллиардтаған қаржы бөлінді. Нәтижесінде, тұқымдар мен пестицидтер сатып алынып, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру құны арзандаған.

«Antikor.Live» бағдарламасы аясында өткен тікелей эфирде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров 2020 жылы республикалық бюджеттен 19 бағдарлама бойынша 19,9 миллиард теңге көлемінде субсидия төленгенін мәлімдеді. Оның ішінде қазіргі уақытта алты бағдарлама бойынша 11,5 миллиард теңге игерілді. Облыстық бюджеттен 13 бағдарламаға 8,3 миллиард теңгеден астам субсидия бөлінді.

— Ағымдағы жылға белгіленген лимитке сәйкес барлығы 16,1 млрд теңге субсидия қарастырылған: облыстық бюджеттен – 8,5 миллиард теңге, оның ішінде өсімдік шаруашылығына – 2,7 миллиард теңге және мал шаруашылығына – 5,8 миллиард теңге. Республикалық бюджеттен 7,5 млрд теңге субсидия қарастырылған, — деді Асқар Санаубаров.

Ол облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы субсидиялаумен байланысты 15 мемлекеттік қызмет көрсететілетінін атап өтті. Қазіргі уақытта олар толығымен автоматтандырылған және екі ақпараттық жүйе – «Қолдау» және «Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі» арқылы жүзеге асырылады. Бұл осы саланы қолдау бойынша қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етеді

Ауыл шаруашылығын дамыту бағыттарына тоқтала келе, басқарма басшысы өсімдік шаруашылығында бөлінген қаражат есебінен ауыл шаруашылығы дақылдарының 6 мың тоннадан астам жоғары өнімді тұқымдары сатып алынғанын айтты. 493 мың литр пестицид сатып алынып, 425 мың гектардан астам жер өңделген. 173 мың гектардан астам жерге 12,7 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бастамасымен 5,8 мың гектар алаңға су жеткізу қызметтерінің құны да субсидияланған.— Мал шаруашылығы бойынша селекциялық және асыл тұқымды алу жұмыстарын жүргізгені үшін тауар өндірушілердің шығындарын субсидиялау жүзеге асырылатын болады. Мал шаруашылығы өнімін өндіру құны да төмендейді. Ол үшін 5,6 млрд теңге қарастырылған. Өңірдің агроөнеркәсіптік кешені саласында мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады, — деп қорытындылады Асқар Санаубаров.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА, QH.