Тарихқа тағзым: Қарағандының танымал тұлғалары

Қарағандыдағы Абай атындағы балалар кітапханасында ерекше кітап витринасы ұйымдастырылды. Кітап көрмесі Қарағанды өңірінің мерейтой иелеріне арналып, олардың өмірі мен еңбегін насихаттауға бағытталған.

Көрмеде облыстың дамуына зор үлес қосқан белгілі тұлғалар туралы әдебиеттер ұсынылған. Атап айтқанда, мемлекет және қоғам қайраткері, Қарағанды облысының тумасы Нығмет Нұрмақовтың 130 жылдығы; химия мен металлургия саласындағы ғалым, жазушы және ақын Евней Бөкетовтің 100 жылдығы; белгілі журналист және публицист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Валерий Могильницкийдің 85 жылдығы; ақын, аудармашы, мемлекеттік сыйлық лауреаты Серік Ақсұңқарұлының 75 жылдығына арналған материалдар бар.

Бұл көрме жыл бойы жалғасып, жаңа кітаптармен толықтырылып отырады. Балалар мен жасөспірімдерді өңірдің белгілі тұлғаларының өмірі мен қызметімен танысуға шақырады.

Құралай КӨБЕНОВА,

«QH»