Такси көліктерінде жүргізушілердің вакцина паспорты орналастырылды

Халық арасында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу мақсатында «Бауырсақ» такси жүргізушілері өздерінің жолаушыларға арналған машиналарында екпе паспорттарын орнатты.

Айта кету керек, мұндай бастаманы такси жүргізушілері, өздері мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көтерді. Қарағанды қаласы бойынша «Бауырсақ» таксиінде күн сайын 500-ге жуық жүргізуші шығады.