Табысты бизнес – қаланың тұрақты дамуының кепілі

Газетіміздің кезекті сұхбатын кәсіпкерлікті қолдау құралдары тақырыбына арнадық. Бұл сұраққа «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Абзал Рахымбаев мырза жауап берді.

— Абзал мырза, биылғы жыл ел Тәуелсіздігінің мерейтойымен есте қалады. Өңірімізде де мерекеге орай түрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылды. Ал кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі нақты қандай жұмыстар мен жобалар жасады?

— 2021 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтуде. Мемлекет басшысы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында атап өткендей, қала қол жеткізген макроэкономикалық көрсеткіштерге тікелей байланысты қала тұрғындарының әл-ауқатының өсуіне ерекше назар аударылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындай отырып, біздің қала басты ұлттық мерекені экономиканы тұрақтандыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған нақты істер мен жобалармен атап өтуде.

Бұл жерде жеке бастамалар да маңызды рөл атқарады, шағын және орта бизнес есебінен жаңа жобаларды ашу бірінші кезекте жаңа өндірістерді, сауда және қызмет көрсету объектілерін құруға және қала халқын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекет тарапынан 2020 жылдан бастап пандемияны ескеріп және қызметтің көптеген салалары үшін шектеу шараларын енгізе отырып, бизнес субъектілерінің неғұрлым кең санаты үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қолдау алуды оңтайлату бойынша өзгерістер енгізілді.

— Қазір қарағандылықтар да барынша кәсіп ашып, өз бизнестерін дамытуға тырысып жүр. Сондықтан нақты қандай қолдау мен мемлекеттік бағдарламалар, өзгерістер бар екендігіне тоқталып кетсеңіз.

— Иә, әрине. Кәсіпкерлікті қолдау мен ынталандыру үшін «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы негізгі бағдарлама болып табылады, оған мынадай өзгерістер енгізілді:

Субсидиялау құралы бойынша:

— салалық шектеулер алынып тасталды;

— кәсіпкерлер үшін 6 пайыз деңгейіндегі мөлшерлеме біріздендірілді;

— несие сомасы 5 жыл мерзімге дейін 2,5 миллиард теңгеден 7 миллиард теңгеге ұлғайтылды.

Кепілдік беру құралдары бойынша да өзгерістер болды – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 360 миллион теңгеге дейінгі кредиттерге кепілдік беріледі, бұл ретте екінші деңгейдегі банктер арқылы кредит беру кезінде кредит сомасының 85 пайызына кепілдік беріледі.

Орта кәсіпкерлік субъектілері үшін кредит сомасы 1,0 млрд теңгеге дейін болған кезде кепілдік 50%-ға дейін беріледі.

Бұдан басқа, пандемия салдарына байланысты бизнесте, оның ішінде сауда саласында шикізат сатып алу, ағымдағы шығыстарды төлеу үшін бос қаражатқа қажеттілік бар және айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдікті кредит беру мүмкіндігін алу өзекті болып табылады.

Осы жағдайды ескере отырып, Бағдарламаға тиісті өзгерістер енгізілді және үш жылға дейінгі мерзімге айналым қаражатын толықтыруға бағытталған, оның ішінде сауда саласындағы кредиттерді субсидиялау және кепілдендіру мүмкіндігі пайда болды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдан бастап микро және шағын бизнес үшін инвестициялық мақсаттарға – 20 млн теңгеге дейін және айналым қаражатын толтыруға 5 млн теңгеге дейін екі жылға дейінгі мерзімге жеңілдікті кредиттер беру процестері оңайлатылды.

— Ал қала тұрғындары осы мүмкіндіктерді қаншалықты пайдалана алып жатыр? Өңірдегі кәсіпкерліктің даму сатысы қандай деңгейде?

— Жоғарыда көрсетілген өзгерістердің нәтижесінде бүгінгі күні қала кәсіпкерлерінің бизнесті қолдау құралдарын белсенді қолданғаны байқалады

Осы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2010 жылдан бері 173,8 млрд теңге сомасына 2226 жоба, оның ішінде келесі негізгі инструмент құралдары бойынша қолдау тапты:

– кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін – 156,7 млрд теңге сомасына 1574 жоба;

– кредиттерді ішінара кепілдендіру – 10,6 млрд теңге сомасына 601 жоба.

Сондай-ақ, ағымдағы жылғы желтоқсанда кәсіпкерлік басқармасы жаңа бизнес бастамаларды іске асыру үшін өтеусіз мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурстың қорытындыларын шығаруды жоспарлап отыр.

Бұл құрал өз бизнесін құру үшін бастапқы капиталы жоқ стартап жобалар үшін пәрменді қолдау болып табылады. Сапалы жобаларды іске асыру мүмкіндігін ұсыну мақсатында ұсынылатын грант сомасы 3 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

2010 жылдан бастап қала бойынша 27 кәсіпкер өз идеяларын іске асыру үшін 79,0 млн теңге сомасына өтеусіз гранттар алды.

— Өте жақсы! Ал, бұдан бөлек, кәсіпкерлерді қолдайтын тағы қандай мемлекеттік бағдарламалар немесе жобалар бар?

Бұдан басқа, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде отандық өндірісті дамыту жөніндегі жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер үшін 6%-бен жеңілдікті кредиттер беру көзделген.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасының негізгі құралдарынан айырмашылығы – 10 жылға дейінгі қарыз беру мерзімі және несие сомасына шектеудің болмауы.

Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын және кәсіпкерлікті қолдау Картасы шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыруды жеке атап өту қажет.

Қала бойынша кәсіпкерлікті қолдау картасына жалпы сомасы 209,3 млрд теңгеге, 3368 жаңа жұмыс орындарын құрумен 36 инвестициялық жоба енгізілді.

Оның ішінде, бүгінгі таңда жалпы сомасы 139 млрд 824,3 млн теңгеге 32 жоба іске қосылды, онда 2896 жаңа жұмыс орны құрылды.

11 ай үшін ағымдағы жылы іске қосылған жобалар өндірісінің көлемі 195 млрд 868 млн теңгені немесе 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 164,1% (119 млрд 377,1 млн теңге) құрады.

Картаның іске қосылған жобаларының өндіріс көлемінің үлесі жалпы өндіріс көлемінің 35,3%-ын құрайды.

— Биылғы жылы Қарағанды қаласында бірқатар жұмыстар атқарылғанын байқадық. Ал соның ішіндегі ең ірілері мен ауыз толтырып айтарлықтай жемісті нәтижелерге тоқталып өтсеңіз.

— 2021 жылдың қараша айында кәсіпкерлікті қолдау Картасы аясында 300 жаңа жұмыс орнын құрумен «QazCarbon» ЖШС (Казкарбон) Сарыарқа ферроқорытпа зауыты іске қосылды.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты 57 мың тонна ферроқорытпаны құрайды. Жаңа зауыттың өнімі қазақстандық қамтуды дамытуға ықпал етеді және толығымен экспортқа бағдарланған (АҚШ, Еуропа, Жапония, Корея, Түркия және ТМД).

Кәсіпкерлікті қолдау Картасының жобаларынан басқа 2021 жылы өнеркәсіпте 5 инвестициялық жоба іске асырылды.

Оның ішінде іске қосылды:

— «FLSmidth» ЖШС сервистіктехникалық орталығы (СІМК ЖТ) жобаның құны – 1,2 млрд теңге; Жоба наурыз айында іске қосылды. 50 жұмыс орны құрылды.

— полиэтиленді құбырлар өндірісі – Трубпром ЖШС, жобаның құны 1,3 млрд теңге. Жоба ағымдағы жылдың сәуір айында іске қосылды, 30 жұмыс орны құрылды.

— тігін бұйымдарын өндіру – «ПИК «Ютария ЛТД» ЖШС, жобаның құны — 420,0 млн теңге; Жоба ағымдағы жылдың мамыр айында іске қосылды. 200 жұмыс орны ашылды.

— макарон өнімдерін өндіру бойынша үшінші желіні іске қосу «Қарағанды Нан «Корпорациясы» ЖШС, жобаның құны – 603,0 млн теңге. Жоба ағымдағы жылдың қараша айында іске қосылды. 16 жұмыс орны құрылды.

— болат прокатын шығару цехын іске қосу – «Forever Flourishing (Middle Asia) Pty Ltd» ЖШС, жобаның құны 2,2 млрд. тг. Жоба ағымдағы жылдың желтоқсан айында іске қосылды. 50 жұмыс орны құрылды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы жұмыс істеп тұрған 8 кәсіпорында өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге жалпы сомасы 3,0 млрд теңгеден астам ірі инвестициялық қаражат салынды.

Мысалы, «Евразиан фудс» АҚда өндірістік қуаттылықты жылына 60 -тан 80 мың тоннаға дейін арттыру бойынша өндірісті жаңғырту жалғасуда.

«Қарағанды ұн тарту комбинаты» ЖШС-де жылына 80-нен 140 мың тоннаға дейін жарма өндірісінің өндірістік қуатын арттыру бойынша құрама жем зауытын қайта құруға және макарон цехын кеңейтуге 168 млн теңге сомасында инвестициялар игерілді.

Сондай-ақ, майлы дақылдарға арналған 400 млн теңге сомасына астық қоймасын салу жүзеге асырылуда.

— Қазір мемлекетімізде шағын және орта бизнеске ерекше назар аударылады. Бұл тұрғыда біздің қаламыздағы ахуал қандай?

— Қалада шағын және орта бизнесте жеке бизнес бастамаларды белсенді іске асыру байқалады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап жалпы құны 14,8 млрд теңге және 617 жұмыс орнын құрумен сауда және қызмет көрсету саласындағы 86 нысанның ашылуы болды.

Оның ішінде келесі ірі нысандар: Макдональдс, Триумф мейрамханалары, Отау сауда кешені, КераммаМарацци, Мечта сауда үйлері, Астер Автоорталығы, «Пирс» Федоров су қоймасындағы демалыс аймағы, Байқоңыр Парк балалар ойын – сауық орталығы, Магнум супермаркеті, Dostyk Oil ЖШС 2 байланыссыз автожанармай құю станциялары және т.б.

Жыл соңына дейін Технодом сауда үйі ашылуы жоспарлануда.

— Бір жыл ішінде нақты қандай жұмыстар жүзеге асқаны туралы қысқаша қорытындылап берсеңіз.

— Жоғарыда айтылғандай, жобаларды іске асырудың әлеуметтік маңызды әсері жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Ағымдағы жылы іске асырылатын инвестициялық жобаларда барлығы 1669 жаңа жұмыс орны құрылды:

Сондай-ақ, бизнесті мемлекеттік қолдауды ұлғайту және жеңілдікті кредит беру құралдарын пайдалануды жандандыру және екінші деңгейлі банк кредиттеріне ішінара кепілдік беру нәтижесінде ағымдағы жылдың 11 айында қала экономикасының негізгі салалары бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңіне қаланың әлеуметтікэкономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің оң серпіні қамтамасыз етілді, оның ішінде өсу қамтамасыз етілді:

— өнеркәсіп өндірісінің көлемі 21,0%-ға (557,6 млрд теңге);

— негізгі капиталға инвестициялар – 101,4% (170,7 млрд теңге);

– бөлшек сауда – 3,0% (806,2 млрд теңге);

— жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны – 7,4% (44 601 бірлік).

Жалпы, инвестициялық жобаларды уақтылы іске асыру және негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша оң көрсеткіштерді қамтамасыз ету үшін келесі бағыттарда жүйелі түрде жұмыс жүргізіледі:

— жаңа инвестициялық жобаларды іздеу бойынша;

— барлық қолда бар қолдау құралдарын қамти отырып, ШОБ субъектілерін бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысуға тарту бойынша;

— тоқтап тұрған қуаттарды қалпына келтіру үшін әлеуетті инвесторларды іздеу, тоқтап тұрған объектілерде жаңа өндірістерді орналастыру бойынша.

Міндеттерді орындау үшін кешенді шаралар қабылданады, бұл қала экономикасына қосымша жұмыс орындарын құруға және инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары бойынша толық ақпарат алу үшін кәсіпкерлер «Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-ге жүгіне алады (Қарағанды қ., Костенко 6; тел.: +7/7212/421505).

— Сұхбат бергеніңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Аружан АЛПЫСБАЙ.