Тағамға биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау

Қазіргі кезде денсаулық пен тамақтану құрылымы арасындағы байланысқа жіті назар аударылуда. Соңғы жылдары біздің өмірімізге сенімді түрде енген және танымал бола бастаған биологиялық белсенді қоспаларды қабылдау қарастырылып жатыр. Олардың ассортименті күн сайын өсіп келеді, кейде тиімді және қауіпсіз өнімді таңдау қиынға соғады.

Биологиялық белсенді қоспаларға дегеніміз қоспалар табиғи болмаса  табиғиға ұқсас  биологиялық белсенді заттар, сондай-ақ тамақпен бір мезгілде тұтынуға немесе тамақ өнімдеріне қосуға арналған тағамдық талшықтар, витаминдер, минералдық заттар, амин қышқылдары және т.б. микроорганизмдер. Мұндай қоспаларды жарнамалауға қойылатын талаптар 2020 жылы қазан айының 27-і күні бекітілген №ҚР ДСМ-160/2020 «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудағы және қадағалаудағы мемлекеттік тіркеуге жататын өнімдердің (тауарлардың) жарнамасын жүзеге асыру қағидалары» бұйрығымен реттеледі.

Бұйрыққа сәйкес биологиялық белсенді қоспалардың жарнамасында:

— құрамына кіретін белсенді компоненттер туралы мәліметтерді;

— қолдану тәсілі мен дозаларды;

— негізгі жанама әсерлерді (бар болған жағдайда);

— негізгі қарсы көрсетілімдерді (бар болған жағдайда);

— балаларға, жүкті әйелдерге, сондай-ақ бала емізу кезеңіне қатысты ерекше нұсқауларды (бар болған жағдайда);

— сату шарттарын;

— қолдануға көрнекі және түсінікті ұсынымдарды;

— өндірушісінің және өндіруші Қазақстан Республикасында шағымдарды қабылдауға уәкілеттік берген тұлғаның атауын, мекенжайын;

— жарнамалау объектісінің дәрілік зат болып табылмайтындығы туралы ескертуді;

— қоғамдық көлікте, оларды тағайындауға, пайдалануға және сатуға қатысы жоқ ұйымдарда, өнеркәсіптік өнімдерде, рецептуралық бланкілерде таратпауды және орналастырмауды көздеуі қажет;

Биологиялық белсенді қоспаларды жарнама арқылы сатып алған кезде, келесі жағдайларға назар аударылуы қажет:

— сауда атауының болуына;

— өндірушінің және Қазақстан Республикасында шағымдарды қабылдайтын тұлғаның мекенжайына;

— құрамына кіретін белсенді компоненттер туралы мәліметтерге;

— қолдануға арналған негізгі көрсеткіштер мен ұсыныстарға;

— қолдану тәсілі және дозаларына,

— жанама әсерлері мен қарсы көрсеткіштеріне;

— жүкті әйелдердің, сондай-ақ емізу кезеңіне қатысты айрықша нұсқауларға;

— өнімді сату шарттарына көңіл бөлінуі қажет. Бұдан басқа, міндетті түрде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі, берілген күні көрсетіледі, ал ол өнім техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетін биологиялық белсенді қоспа болып табылатынын және қажетті қасиеттерге ие екені көрсетіледі.

Биологиялық белсенді қоспаларды тек ағзадағы макро және микроэлементтердің қорын толтыру қажеттілігіне байланысты ғана сатып алу және тұтыну қажет екенін ескертеміз. Биологиялық белсенді қоспалар денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу үшін қолданылады, бірақ олар дәрілік зат емес және емдік қасиеттері жоқ. Оларды  дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдауға кеңес береміз.

Н.М.АЙМАҒАНБЕТОВ,

Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы ауданының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының

 басшысы