Тәуелсіздік туралы жүз әңгіме
«ҚазАқпарат» ХАА» АҚ ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап «Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» электронды кітабын дайындап шығарды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шыққан кітаптың электронды нұсқасы қалың оқырманға қолже
Кітап Қазақстанның көрнекті саясаткерлерімен, экономистерімен, сондай-ақ ғалымдармен, мәдениет және спорт өкілдерімен эксклюзивті сұхбаттар негізінде құрастырылған.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Бірінші Премьер-министрі Сергей Терещенко, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Бауыржан Байбек, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев, Тұңғыш Президент Кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбек және басқа да көптеген саясаткерлер тарихи оқиғалардың куәгері бола отырып, жеке естеліктерімен және эмоцияларымен бөліседі, ел дамуының әр нақты кезеңінің бұрын белгісіз болған сәттерін еске алады.
Әңгімелерде Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасы ерекше орын алады.
Сұхбат берушілердің қатарында Қазақстанның Халық қаһармандары – ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов, армия генералы Мұхтар Алтынбаев, ұшқыш Дмитрий Родин, Олимпиада және әлем чемпиондары Серік Қонақбаев, Ольга Шишигина, Илья Ильин, Ольга Рыпакованы атап өтуге болады. Нұрлан Оразалин, Рүстем Әбдірашев, Мария Мудрякты атап өтуге болады.
«Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме» кітабы – 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Тәуелсіздігінің соңғы үш онжылдықта қол жеткізген жетістіктерімен тікелей немесе жанама байланысты бірегей оқиғалардың альманахы.
Кітап оқырмандардың ең кең тобына және ең алдымен Қазақстанның жаңа тарихына қызығушылық танытқандарға арналған.
Кітап 100 тараудан тұрады. Онда сипатталған оқиғалар сыртқы саясаттағы алғашқы қадамдардан, Тәуелсіздік декларациясының қабылдануынан, Семей ядролық полигонының жабылуынан, алғашқы президенттік сайлаудан бастап, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, әлемдік дағдарыстарға қарсы іс-қимыл, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы, Қазақстан астанасында EXPO – 2017 өткізу, 2019 жылғы 19 наурыздан кейінгі жаңа саяси болмыстың қалыптасуының соңғы онжылдықтағы оқиғаларына дейін шартты хронологиялық тәртіппен орналасқан.