ТҰРҒЫНДАР ОЙЫНДАҒЫ ҚАЛА

«Белсенді азаматтарға арналған сауалнама» – бұл Қазақстандық қала құрылысы қауымдастығының жобасы, ол Қарағанды қаласының Урбанистика орталығымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Сауалнама қала тұрғындары үшін арнайы жасалып, әзірленді. Әр тұрғын қала инфрақұрылымын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын білдіре алады. Кеншілер қаласы еліміз бойынша екінші болып анкета жүргізуді бастады. Пилоттық жоба Шымкентте бастау алып, сауалнама алынды. Сонымен қатар, Алматы, Нұр-Сұлтан және Орал қалаларында анкета жүргізу басталып жатыр. Нәтижесінде бизнес, үкімет және қоғам өкілдерімен өзара жұмыс жасау керек деп есептелді. Қаланың негізін қалайтын – оның тұрғындары. Жоба да дәл осы ұранмен азаматтардың өз қаласының дамуы мен көркеюіне үлес қосуына мүмкіндік беруде. Жоба ұйымдастырушыларының пікірінше, кез-келген тұрғын сауалнамаға қатыса алады. Өйткені, жаяу жүргіншілер өткелі, қоғамдық көлік болсын, күн сайын осы немесе басқа қалалық инфрақұрылым түріне тап болатындардың пікірін біліп, ұсыныстарын тыңдау маңызды: Олар қала туралы не ойлайды? Нені біледі және қандай сұрақ мазалайды? Анкета қорытындысының негізінде халықпен бірге аудандардың картасы жасалынады, яғни, тұрғындар қала аудандарының қалай орналасатындығын қалайтыны ескеріледі. Сондай-ақ, қала тарихына, ұрпақ жадына байланысты ұсыныстар да қарастырылады. Өз жобаларын ұсынуға дайын активистер мәліметтер базасына тіркеліп, әрі қарай қалалық жобалармен жұмыс жасауға шақырылады. Шынында да, жақсы ұсыныстар түссе, қалалық әкімдік пен жергілікті кәсіпкерлер де қолдауы мүмкін. Сондықтан, сауалнама – бұл ең алдымен қаланың белсенді тұрғындарымен тығыз байланыс.
— Әдетте, «Қандай мәселе? Шешіледі» деп жылы жауып қоясаламыз. Ал, менің ойымша, қалада бірдеңе жасамас бұрын, адамдарға «Сіз қалай өмір сүрудесіз? Сіздің өміріңізде нені өзгерткіңіз келеді және үлесіңізді қосуға дайынсыз ба?» деген сияқты сұрақтар қою керек. Жобаның артықшылығы да сонда. Біз тұрғындармен қаланың проблемалары мен кемшіліктерін талқылап, шешімін бірге табуға тырысамыз. Бұл тәжірибе бүкіл посткеңестік кеңістікте қолданылады. Бастапқыда әуесқой клуб немесе шағын жоба болуы мүмкін. Бірақ идеялар тұрғындар тарапынан болғандықтан, олардың жүзеге асырылуы да әлдеқайда жеңілірек. Сондықтан ауқымды жобалар жасалады, — дейді жобаны ұйымдастырушылардың бірі Святослав Мурунов.
Маман Шымкенттегі пилоттық жоба қазірдің өзінде қала туралы алғашқы мәліметтерді жинап алғанын, бұл бағыттар бойынша бірнеше ұсыныстар жасауға көмектескенін атап өтті. Сонымен қатар, анкета жергілікті Урбан орталығы үшін мәліметтер базасын құрып, азаматтардың ұсыныстарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«QN»