Тұрғынүйлердің құрылысы талқыланды

Қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бастаған кезекті аппараттық кеңес барысында Құрылыс бөлімінің басшысы Мұрат Камалиев Қарағандыдағы көп қабатты тұрғынүйлердің құрылысын аяқтау мерзімі туралы айтып берді. Талқылау «Трилистник» ТК, «Панель-Центр» және «Восток-2» шағын аудандарындағы үйлер, сондай-ақ 14 шағын аудандағы жаңа көп қабатты үйлер туралы болды.

Басшының айтуынша, «ПанельЦентр» шағын ауданындағы №3 үйдің құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қыркүйек айында №2 блоксекциясының іргелес аумағын абаттандыру және асфальттау жұмыстары басталады. Қазір онда сылақ, бітеу, керамогранит жұмыстары, линолеум төсеу жұмыстары жүргізілуде.

«Трилистник» ТК және оның №4 үйіне келетін болсақ, құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтаудың жоспарланған мерзімі – ағымдағы жылдың қараша айы. Үйдің ауласын абаттандыру қыркүйек айында аяқталады деп уәде етілген. Басшының айтуынша, «Трилистник» ТК, №8 үйдің құрылысы аяқталды және нысан пайдалануға беруге дайындалуда. Қазір мердігер электр плит а л а р ы н ж е т к і з у д і күтуде. ТК-дегі т о ғ ы з ы н ш ы үйдің құрылысм о н т а ж д а у ж ұ м ы с т а р ы осы жылы, яғни IV т о қ с а н д а а я қ т а л а т ы н болады.

— «Трилистник» ТК №10 үйдің құрылысына да тоқталсақ. Осы нысан бойынша «Қарағанды облысының қала құрылысы және сәулет басқармасы» ММ түзетулер енгізу үшін хат жолданды. Одан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне жіберілді. Біз жауапты қыркүйек айында күтеміз. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары тоқтатылды, — деп хабарлады Мұрат Камалиев.

Сондай-ақ, «Трилистник» №5-10 үйлердің аула аумақтарын абаттандыру жалғасуда, балалар алаңдары мен шағын сәулет нысандарын орнатуға уәде беріледі. Абаттандыру жұмыстарын аяқтау мерзімі қыркүйекке белгіленді.

Бұдан бөлек, биыл Октябрь шағын ауданындағы Бирюзов көшесінің бес қабатты үш үйі бойынша құрылысмонтаждау жұмыстарын аяқтау көзделіп отыр. Басшының айтуынша, жұмыстың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған. Сонымен қатар инженерлік желілерді төсеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылыс материалдары сатып алынды.

Мұрат Камалиев «Восток-2» шағын ауданында салынып жатқан үйлер туралы да айтып берді. Себебі оның құрылысы көрші үйлердің тұрғындары тарапынан шағым болғандықтан, көптеген келеңсіздіктер тудырған болатын.

— «Восток-2» шағын ауданындағы 108 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды. Қазіргі уақытта көрші №6,7 көп пәтерлі тұрғын үйлерді тексеру жүргізілуде, олардың тұрғындары көп қабатты тұрғынүй құрылысы олардың үйлерінің техникалық жағдайына теріс әсер етеді деп алаңдайды. Оң қорытынды болған жағдайда жұмысты қайта бастаймыз. Қорытындыны алу мерзімі ағымдағы жылдың қыркүйегіне белгіленген,- дейді бөлім басшысы Мұрат Қамалиев.

Баяндама барысында Белинский көшесіндегі 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын екені де сөз етілді. Қазір оның аумағында қоршау орнату және құрылыс алаңын тазарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл нысанды келесі жылы аяқтау жоспарланған.

Аяқталмаған жағдайдағы тағы бір жоба – «Шапағат» шағын ауданындағы 3 және 4 блок-секциялар. Қазір бұл нысан бойынша сараптама жүргізілуде. Егер оның қорытындысы оң нәтиже көрсетсе, мердігерді анықтауға конкурс өткізіледі. Кейін құрылысты аяқтау үшін қаржыландыруға өтінім беріледі. Нақты мерзімдер әлі анықталмаған.

Аружан АЛПЫСБАЙ, «QH»