Тұрғын үй сертификаттарын алу үшін құжаттарды қабылдаудың басталды

Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары!

«Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім) «Наурыз» және «Отау» бағдарламары бойынша тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша «Отбасы банк» АҚ-нан мақұлдау алған тұлғалардан тұрғын үй сертификаттарын алу үшін құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 1 қарашадан бастап жүзеге асырылады.

Тұрғын үй сертификаттары азаматтардың келесі санаттарына беріледі (тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдікте кезекте тұрған азаматтар):

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

1-1) жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдарының ардагерлері;

2) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінен зардап шегетін адамдар;

5) жасы бойынша зейнеткерлер;

6) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар. Мұндай адамдарды әскери қызметке шақырған кезде жасы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады;

7) қандастар;

8) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

9) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

10) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

11) толық емес отбасылар.

Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (еgov.kz) арқылы бекітілген нысан бойынша ЭЦҚ-мен куәландырылған, келесі құжаттарды қоса бере отырып өтініш тапсырады:

  1. ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш;
  2. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда, жұмыс орнынан анықтаманың электрондық көшірмесі (мүгедектігі бар балаларға және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға);
  3. Соңғы 6 айдағы табыс туралы анықтама;
  4. Ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның мөлшері сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) хатының электрондық көшірмесі.

Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың, олардың табыстарының, жылжымайтын мүліктерінің, неке қию немесе бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейін), қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейін), құжаттар, өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге «Электрондық үкіметтің» шлюзі (сыртқы шлюзі) арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден отбасының барлық мүшесіне беріледі.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Қарағанды қ., Чкалов к-сі, 7, каб. 301.

Байланыс телефоны: 8 (7212) 95-56-01.

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 9.00-18.30., түскі ас сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Қарағанды қаласы әкімдігінің ақпараты негізінде