Түлекпен кездесу өтті

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасы   «Астодор» ЖШС директоры Денис Владимирович Нефедовпен кездесу өткізді. Кездесуге кафедра оқытушылары, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Нефедов Денис Владимирович, 1983 жылы 27 шілдеде Жезқазған қаласында дүниеге келген, 2000 жылы Қарағанды қаласындағы №17 орта мектепті бітірген. 2005 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін Автомобиль және автомобиль шаруашылығы мамандығы бойынша тәмамдады. 2005-2006 жылдары Қапшағай қаласында ҚРРК-да қызмет атқарды.

Еңбек жолын 2003 жылы «Алаш» ЖАҚ БелАЗ автосамосвалында жүргізуші болып бастаған. 2005 жылы «Нұрқазған кенішінде» САТ 777 автосамосвалының операторы, 2006 жылдан 2008 жылға дейін ГЕФЕСТ АПУП-да (көмір өнеркәсібі кәсіпорындарының қауымдастығы) автоколонна бастығы , бас механик, бас инженер жұмыс жасады. 2008 жылдан бастап 2012 жылға дейін «ADD Logistic» ЖШС-нің автоколонна бастығы, пайдалану бастығы, бас инженер болып, ал 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін «ҚАРАҒАНДЫЖОЛҚҰРЫЛЫС» ЖШС-нің бас инженер, директордың өндіріс жөніндегі орынбасарың қызметін атқарды. 2018 жылдан бастап «Астодор» ЖШС жол-құрылыс компаниясының негізін қалаушысы, қазіргі уақытта жоғарыда аталған ЖШС-нің директоры болып табылады.