Су тасқыны кезінде ауызсудың сапасы туралы
Қазыбек би атындағы ауданы аумағында су тасқынының ықтимал төтенше жағдайына және қардың қалың түсіп, елдімекендерді су басу ықтималдылығына, еріген қардың сумен жабдықтау көздеріне химиялық, органикалық және биологиялық ластануының мүмкін екендігіне байланысты су сапасы уақытша маусымдық жағдайда нашарлауы мүмкін.
Халық орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелеріндегі судан басқа, орталықтандырылмаған көздерден – бұлақтардан және құдықтардан суды пайдаланады. Бұлақтар мен құдықтар эпидемиологиялық тұрғыдан сенімсіз, өйткені мұндай көздердің сапасы негізінен, сулы қабаттың бетіне жақын орналасқан қабаттың жағдайына, көбінесе жыл мезгіліне, су көзіне және іргелес аумақтың санитариялық жағдайына байланысты болады. Бұлақтардың суы химиялық және микробиологиялық ластанудан қорғалмайды. Су тасқыны кезеңінде және қар еріген кезде олардағы су әртүрлі қоспалармен, соның ішінде жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен ластануы мүмкін. Бұл, ең алдымен, іш сүзегі, дизентерия, вирустық этиологиялы жедел ішек инфекциясы, А вирустық гепатиті сияқты жұқпалы ауруларға қатысты. Сапасыз суды ішу және тұрмыстық мақсаттар үшін қолданудың салдары қолданғаннан кейін бірден пайда болмайды, сондықтан жедел ішек инфекциясы аурулары 3-7 күн ішінде дамиды. Жедел А вирустық гепатиті ауруының клиникасы инфекциядан кейін бір айдан кейін және одан да ұзақ уақыт пайда болуы мүмкін.
Су тасқыны алдында және су тасқыны кезінде жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында халыққа келесілерді ұсынамыз:
— қар ерігеннен кейін аумақты жиналған қоқыстан тазарту, қазылған шұңқырлар мен ауладағы дәретханаларды тазалау және залалсыздандыру;
— су құбыры және кәріз құдықтарын қақпақтармен жабу, ақаусыз және таза ұстау;
— су мен тамақ өнімдерін жабық ыдыстарда сақтау;
— бөтелкеге құйылған судың, жарамдылық мерзімі ұзартылған тамақ өнімдерінің қоры болуы, оларды су басу маусымында мүмкіндігінше жоғары жерлерде, су тимейтін орындарда орналастыру;
— су басқан жерлерде ұңғымалар мен бұлақтардан су қолданбау;
— ішуге және тамақ дайындауға тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдалану;
— көкөністер мен жемістерді шикі түрінде қолданған оларды сумен (бөтелкеленген немесе қайнатылған) мұқият жуып, қайнаған сумен шаю;
— аурудың алғашқы белгілері болса өзін-өзі емдеуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Ж.Д.БРАХМЕТОВА,
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы
ауданының санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы санитариялық-гигиеналық
бақылау бөлімінің бас маманы