Спорт нысандарында бюджет қаражатына қатысты бұзушылықтар анықталды
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы «Қарағанды облысының жекелеген спорт объектілерінде бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін пайдалану тиімділігі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға тексеру комиссиясының, Дене шынықтыру және спорт басқармасының, олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің өкілдері қатысты.
Отырыс аясында Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Меңсұлу Бектұрова облыстың 8 спорт мектебінде жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары туралы сөз сөйледі. Бюджетке түсетін түсімдер жөнінде заң талаптарын бұзған жағдайлар туралы бірқатар мәселе қозғалды. Сондай-ақ тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаттары және заң талаптарына қайшы әрекеттер туралы баяндама жасалып, ескере кететін жайттар сараланды.
– Аудит мемлекеттік аудиттің перспективалық және өнімділік көрсеткіштері арқылы жүргізілді. Қамтылуы 4 710 961,3 мың теңгені құраған мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша, жалпы сомасы 704 760,9 мың теңгеге (қамту сомасының 15,0%) Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасының бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтары – 114 833,8 мың теңге, оның ішінде бюджетке түсетін түсімдері бойынша – 61,1 мың теңге; бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз пайдалану – 529 378,3 мың теңге; бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз жоспарлау – 55 087,2 мың теңге; шығындары мен жоғалған пайдалары – 5 461,6 мың теңге. Рәсімдерді орындау тәртібінің 66 бұзушылығы бар, – дейді Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Меңсұлу Бектұрова.
Тексеру комиссиясының мәліметінше, әкімшілік құқықбұзушылық белгілерімен 7 объектіде бұзушылықтар анықталып, лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін қарау үшін Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданған екен.
Спорт мектептерінің қызметін талдау және бағалау негізінде негізгі тұжырымдары мыналар болды:
- Спорт мектептерінің құрылтай құжаттарының нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес келмеуі анықталды.
- Есеп саясаты деңгейінде ақылы қызметтерден түсетін ақшалай қаражат жұмсаудың нақты тәртібі, оның ішінде басымы шығыстарға арналған көлемдері (%-бен) мен бағыттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кіретін (ұлттық құрама командалары бойынша спорт түрлері), спорттық ойын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында өнер көрсететіндерге, олардың жаттықтырушылары мен клуб командаларының басшыларына ай сайынғы ақшалай төлеудің қамтылуын қамтамасыз ету тәртібі регламенттелмеген.
- ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы №106 бекітілген бұйрығы бойынша, барлық спорт мектебі спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау, оқу-жаттығу үрдісі жүзеге асырылатын және балалар-жасөспірімдер спорт мектептері, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектептері қызметінің қағидаларында белгіленген нормативтерді ұстанбайды.
- Соңғы 3 жылда спорт мектептерінің оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуға арналған іссапар шығыстары жөнінде қаржыландырудың жеткіліксіздігі байқалады.
- Көптеген спорт ұйымында материалдық-техникалық база, сапалы спорттық мүкәммалдары мен жабдықтары жоқ.
- Аудит объектілері тарапынан мердігерлердің шарттық міндеттемелерін сапалы орындауына тиісті бақылауының жоқтығынан орындалған жұмыстардың құнын асыра бағалауға, мемлекеттік сатып алу мен құрылыс саласындағы заңнаманы бұзуға мүмкіндік туғызды.
- Спорт ұйымдарының қаржы-экономикалық қызметін бағалауы мен талдауы, бухгалтерлік есеп қызметкерлерінің төмен қаржылық тәртібін көрсете отырып бюджет және еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соқты.
- Аудит барысында үй-жайларды жалға алу үшін бюджет қаражатының ұтымсыз және тиімсіз пайдаланылғаны анықталды.
- Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында көзделмеген бірліктерді ұстауға арналған бюджет қаражатын негізсіз жоспарлау фактілері орын алды.
Анықталған бұзушылықтарды жою үшін қабылданып жатқан шаралар туралы басқарма мен спорт мектептерінің өкілдері сөз сөйледі.
Қорытындылай келе, қатысушылар өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, орын алған мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының
ақпараты негізінде