№74 мектепте «СOVID-19 және балалар» тақырыбында ZOOM платформасында тікелей эфир өтті

Ағымдағы жылдың 11 наурызында Қарағанды қаласының №74 мектеп оқушылары мен ата-аналары арасында ақпараттық-түсіндіру тобының мүешелерінің қатысуымен «СOVID-19 және балалар» тақырыбында ZOOM платформасында тікелей эфир өтті
Кездесу кезінде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу мақсатында екпе бойынша ұсыныстар берілді, ұжымдық иммунитетті мүмкіндігінше тез қалыптастыру үшін өздерін және бір-бірін қорғауға, балаларды екпеден өткізу, аурулардың алдын алу бойынша ұсыныстарды сақтауға шақырылды.
Кездесуге барлығы 50 адам қатысты. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!