Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 24 адам көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.
Оған сәйкес 23 қазан күні Қазақстан аумағында 20 адам — коронавирустан, тағы 4 сырқат — пневмониядан қайтқан.
Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Алматы қаласында — 5 науқас.
Қарағанды облысында — 3, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында — 2, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалалары мен Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында — бір адамнан көз жұмған.
Тек Түркістан, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.