Әскери қызметшілер дабылмен көтерілді.

Қарағанды гарнизонына қарасты механикаландырылған бригаданың әскери қызметшілері дабылмен көтерілді.

«Астана» өңірлік қолбасшылығындағы механикаландырылған бригаданың жауынгерлік әзірлігі тексерілді. Дабыл бойынша көтерілген әскери қызметшілер белгіленген уақытта өз орындарына келіп, дабылдан кейінгі орындалатын тапсырмаларды атқаруға толық кірісті. Әскери қызметшілер дайындықтарын пысықтап, ал Отан алдындағы борышын орындауға жаңадан келген мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар қару-жарақпен көлік құрылғыларын қолданады. Бүгінгі таңда, механикаландырылған бригаданың жеке құрамы кенеттен берілген дабыл бойынша көтеріліп, бақылау тобының жұмыстары ұйымдастырылған.

– Механикаландырылған бригаданың жеке құрамын екі күн бойы дабылмен көтеру жұмыстары жүргізілді. Жауынгерлік даярлықта қол жеткізген нәтижелерді ескере отырып, жаңа келген сарбаздарды оқытуда маңызды шаралар сапалы түрде жүзеге асырылып келеді. Осы оқу кезеңінде алға қойған міндеттер мен тапсырмаларды орындауға бар күш-жігерімізді салуға тырысамыз, – деп атап өтті бригада командирінің орынбасары подполковник Әзілхан Рысбаев өз сөзінде.

Жауынгерлік даярлық аптасы 2-7 желтоқсан аралығында өтті. Бұл кезеңде әскерлер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіріліп, жеке құрам өздеріне берілген міндеттері бойынша қызметтерін атқарады.