Штаттан тыс тілшілермен оқу әдістемелік сабақтары өтті

25сәуір күні Ұлттық Ұлан 5451 әскери бөлімінде штаттан тыс тілшілермен оқу әдістеме сабақтары өтті. Шығармашыл жандардың қызметімен тәжірибе алмасу,қызметті шыңдау, БАҚ өкілдерінің қызметтімен танысты.

« Біз әскери жандар журналист емеспіз! Десе де, Ұлттық ұланның қайсар ұлдары ел ішінде ерлік жасап,қылмыстың жолын ашатын,қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін батыл ұлдармыз. Өзгелерге үлгің өнеге,әскери өмірдің жаңалықтарымен тәжірибе ретінде насихаттау түрі әрине БАҚ өкілдеріне қатысты.Қоғамға пікір қалыптастыратын, жұртшылыққа мағлұмат беретін қызмет түрі. Фото түсіру, мақала жазу, жариялау, дұрыс жеткізу барлығы тәжірибені қажет етеді.Біздің бөлім ішіндегі мерзімді әскери қызметшілердің өміріндегі қызықты сәттер,жетістіктер шет қалмауы керек. Қоғамға анық түрде жетсе міне жетістік » — дейді бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік құқық жөніндегі орынбасары подполковник Стрелков Константин Александрович.

Шара барысында фото түсіру қыр сырларын, жасалған жұмыстың , ақпараттардың таралуларын талқылады. Әдістеме сабағына рота командирінің тәрбие жөніндегі орынбасарлары мен штаттан тыс тілшілер қатысты. 3ЖМБ Жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының , рота командирінің тәрбие жөніндегі орынбасары лейтенант Омарханов Тайр қызметтен тыс қызығушылығы мобилография жайында сөз қозғап,сабақпен ұштастырды.

Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы аға лейтенант Дүйсенбай Алияр Кәрімжанұлы әскери БАҚ өкілдерінің қызметі мен маңыздылығы, қоғамда алатын орны жайында айтып өтті. Өз тәжірибесімен бөлісті.

Әдістемелік сабақтың  жалғасы  бөлім командирінің қолдауымен, Сарыарқа телеарнасында өтті. Радио,теледидар,кино,интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлеуметтік экономикалық, мәдени ,рухани, табиғи құбылыстар жөнінде қоғамға пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашыл жандардың қызметімен жұмыс орнына экскурция жасадық. Ел ішіндегі жаңалықтардың,ақпарат көздерінің таралатын орның қызығы мен ерекшелігімен танысып,қызықты мәліметтермен бөлісті. БАҚ өкілдерінің тыныс тіршілігімен танысып, тәжирилік білім алды.

 

Қатардағы жауынгер:Болатхан Серікбол Тұрмысұлы