Шешімді қабылдаймыз – Серікқали Брекешев киік санын реттеу туралы

Жақын арада киік санын реттеу мәселесіне қатысты шешімді қабылдаймыз. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ҚР Президенті телерадиокешенінің «Три вопроса» бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

«Мемлекет басшысының сынынан кейін біз ғалымдармен, табиғатты қорғаушылармен белсенділермен тағы бір рет кездесіп, киік санын реттеу мәселесін тағы да талқыладық. Ғалымдар киіктердің тіршілік ету ареалын, олардың көші-қон жолдарын терең зерттеу әрі Қазақстан аумағындағы киіктердің оңтайлы санын анықтау керегін айтты. Әрине, олардың популяциясы үнемі өсе бермейтіні белгілі», — деді министр.

Оның айтуынша, 1980 жылдары киіктертер саны 1 млн 200 мың болған, ал бүгінде Қазақстанда 1 млн 318 мың киік бар.

«Біз бұл популяцияны сақтау және қалпына келтіру үшін тиісті жұмысты жүргіздік. Ғалымдардың айтуынша, бұл өте жақсы және маңызды нәтиже болып саналады. Бірақ киіктер санын реттеу және рационалды пайдалану мәселелері бойынша жұмыстар 1980 жылдары жүргізілді, яғни мұнда ең алдымен іс-шаралар киіктердің популяциясын сақтауға және қолдауға бағытталды. Олардың саны

неғұрлым көп болса, популяцияда тамақ, су, жер үшін бәсекелестік күшейетіні белгілі. Осылайша, бұл жануардың өзін де әлсіретеді. Егер жануар әлсіресе, онда ол ауруға бейім болады. Біз бұған

ретроспективті түрде қарадық. Ауру 3-5 жыл жиілікпен өтеді», — деді Серікқали Брекешев.

Министр 2015 жылы Қазақстан бойынша 150 мың киік қырылғанын, бұл популяцияның 30%-ы екенін атап өтті.

Ол күзге қарай жануарлардың саны 1,5 млн болатынын жеткізді.

«Бұл мәселені мұқият зерделеу қажет. Жақын арада тиісті шешім қабылдаймыз», — деді ведомство басшысы.

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=rbF21EEj4fc