Шегілмейтін темекі өнімдерін сатылымнан тоқтату
Сұрыптау кентінің Желілік полиция бөлімінің тәртіп сақшылары қаламызда насыбай, снюс сату және өткізу фактілерін анықтау, сондай-ақ ашық жарнама арқылы вейптер мен электронды темекі сатудың жолын кесу мақсатында рейдтер жүргізді. Транспорттық полицияның Әкімшілік бөлім қызметкерлері теміржолда орын алатын заңсыздықпен күресу жолдарына тоқталды.
Теміржол көлігі нысандарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсетілетін аумағында ағымдағы жылдың 21-31 наурызы аралығында Желілік полиция бөлімінің барлық жеке құрамының қатысуымен «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
– Көліктегі полицияның негізгі міндеті – теміржол көлігіндегі заңбұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау. Аталмыш іс-шараның мақсаты – халық пен полицияның ашықтығы, қызметтің қолжетімділігі, – деп атап өтті Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Ержан Садиков.
Шегілмейтін темекі өнімдерін сату мен тарату фактісі бұған дейін анықталғанымен, қазіргі кезде саудагерлер тәртіпті екенін айтады мамандар. Заңды бұзған дүкен иелеріне хаттама толтырылып, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, бұл 92 300 теңге. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» деп аталатын үшінші отырысында шегілмейтін темекі өнімдерін (насыбай, снюс және т.б.) заңсыз сатуға қатысты алдын алу шараларын қолдану қажетін атап өтті. Қолданыстағы заңнаманы ескере отырып «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кәсіпкерлік субъектілері шегуге тыйым салынған темекі өнімдерін әкелуге, өндіруге, өткізуге және таратуға тыйым салады.
Нәтижесінде барлығы 122 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:
– Он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылған темекі бар өнімдерді, кальяндық темекіні, кальян қоспасын, темекіні жылыту жүйелерін, электронды тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатуы – 21 (Октябрь ПБ – 8, Жаңа Майқұдық ПБ – 0, Киров ПБ – 0, Теміржол ПБ – 0, Орталық ПБ – 7, Михайловка ПБ – 6, Оңтүстік-Шығыс ПБ – 0);
– Тауарларды немесе өзге де заттарды заңсыз саудалау – 23 (Октябрь ПБ – 6, Жаңа Майқұдық ПБ – 5, Киров ПБ – 1, Теміржол ПБ – 1, Орталық ПБ – 2, Михайловка ПБ – 4, Оңтүстік-Шығыс ПБ – 4) әрекеттері тіркелген.
Аталмыш іс-шара аясында «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері шегуге келмейтін темекі өнімдерін тұтынудың зияны, кәсіпкерлердің оны өткізуге тыйым салуды сақтау қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру және мұндай өнімдерді сату фактілерін анықтау жұмыстары алдағы уақытта да жүргізілетінін хабарлайды.
Айдын ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ,«QH»