Шебердің қолы — ортақ
Бұқар жырау даңғылындағы, 28 мекенжайында орналасқан үйдің ауласы көз қуантарлық үлгіде безендірілген. Үй тұрғыны Павел Король пластикалық қақпақтардың мозаикасымен түрлі-түсті жолдар жасауда.
Пластикалық бөтелкелердің қақпақтарын барлық көрші Павелге әкеледі. Біреу бірнеше дана, біреу қап қабымен тасиды. Бұрын тіпті шағын құрастыру пункті болған, дейді өнер иесі. Бес жылда ол бетонға төсеу технологиясын үйренді, оны жетілдірді және әлі де жаңашылдықтар жасамақ. Мысалы, ол өз туындыларын суарады, біріншіден, жақсы беріктік үшін, екіншіден тазалық үшін.
– Барлығы жәй ғана қызығушылықтан басталды. Басында осындай жоғары дәрежеде айналысамын деп ойламаған едім. Кейін басыммен кіріп кеттім десем де болады. Қазір мұндай дүниені еңбектенген адамға жасау қиын емес. Әлеуметтік желіден қараса да болады. Негізінен Ресейде осындай мүсіндерді көп жасайды екен. Бізде де болсын деген ниетпен бастап кеткен жайым бар. Сәтті болып жатыр деген ойдамын, – дейді қала тұрғыны Павел Король.
Бұл аула көрші елдердің мәдени мекемелерінен кем емес. Шебердің қиялында шек жоқ. Сонымен қатар, кіреберіс те керемет суреттермен қапталған. Павел әйнекпен де жұмыс істегенді ұнатады және соңғы уақытта бұл техниканы жиі қолданып жүр. Талантты тұрғын көшені көмкеруді де ұмытпайды. Мысалы, қазір гүлзарға жолдар салынуда. Павел 1 шаршы метрге 1600 қақпақ бар екенін айтты. Бұл жерде қазірдің өзінде таңқаларлық қоршаулар, түйе, тасбақа, сегізаяқ фигуралары бар. Сирек және ерекше жануар – барыс қойылуы да мүмкін. Әкімдікке жүгінгеннен кейін ер адамға төсеніштер берілді.
– Енді ауа райына байланысты кейде жұмыс біраз уақытқа тоқтап қалады. Бірақ үздіксіз жасауға тырысып жатырмын. Барыс жануарын жасағым келген. Ол өте сирек жануар. Әзірге балалар, жастар көбінесе түйені қызықтап жүр. Бастысы ауламыз әдемі болып тұрса мендік мақсат орындалғаны, – деп атап өтті Павел Король.
Павел жасаған мүсіндерді құлатып, қирату мүмкін емес. Бірақ бұзақылар түсінбейді. Соған қарамастан шебер аула тұрғындарын қуантуды жалғастыра бермек.
Айдын ШАЛАТАЙҰЛЫ, «QH»