Шахтадағы қауіпсіздік
Шахталардағы қауіпсіздік біздің өндірісті өлке үшін өзекті мәселе. Облыс шахталарында қауіпсіздік стандарттарын қалай жетілдіреді және жас кеншілер нені ескерулері керек?
Шахтерлер үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздікті жақсарту үнемі талап етіледі, ал билік атқарылған жұмыстар туралы тұрақты есеп береді. Сарапшылар кеңес заманында дамыған қауіпсіздік негіздері өзгеріссіз қалғанын, өйткені олар өндіру техникасымен байланысты екенін түсіндіреді. Тұтастай алғанда, қауіпсіздік ережелері мен принциптері әдетте елде жаңа заңдар немесе бұйрықтар шыққан кезде өзгереді. Алайда, ережелер мен техниканы жаңарту идеяларын шахта қызметкерлері де ұсына алады.
– Иә, мен бұл сәтті көрдім, бұл жылдың соңында болды, онда қыркүйек айында барлық шахталар бойынша заңнамаға өзгеріс енгізу туралы ұсыныс дайындау керек деген хат келді. Менің білуімше, Көмір департаментінде отырған директорлар мұның бәрін Астанаға, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіне жеткізді, – деді еңбекті қорғау жөніндегі маман Юрий Костельцев.
Мысалы, қазіргі Qarmet инвесторы 3,5 миллярд доллардан астам инвестиция туралы мәлімдеді. Сонымен қатар, көмір департаментінің жобаларына шамамен 500 миллион доллар инвестиция салу жоспарланған. Темір кені департаменті – 978 миллион доллар көлемінде. Алайда, маманның айтуынша, көп адамдар шахталардағы жарақат деңгейі үнемі қауіпті емес екендігін, кейде басқа өндірістік салаларға қарағанда тәуір екенін түсінбейді. Жер астындағы қауіпсіздік көптеген өндірістерге қарағанда екі есе, үш есе қатаң бақыланады, дейді Юрий. Бұл шахтадан басқа салаларға ауысқан кезде байқалады.
– Кез келген тұрғын шахта сөзін естісе болды, ол қауіпті жұмыс орны деп есептейді. Қауіпсіздік жағдайы төмен деп санайды. Бүкіл шахталарда адамдар жиі жарақаттанады дейді, осы жерде сұрақ туындайды – ал басқа салаларда қауіп жоқ па? Бір саланы бір саладан кем көру дұрыс емес, – деп түсіндіреді ол.
Жылдағы көрсеткішке сай Қарағанды облысында қызмет түрі бойынша ең жарақаттану қаупі бар мамандық өңдеуші өнеркәсіп деп айтылады. Яғни, металлдармен жұмыс, машина жасау және т.б. Олардың үлесі 2023 жылы жағдайлардың 34,1% құрады. Тау-кен өндірісі әрдайым екінші орында. Мұнда, сарапшы, біздің облыстағы осы екі саланың кәсіпорындарындағы қызметкерлер саны – жүздеген мың деп түсіндіреді. Егер шамамен жүз мың адамнан 3-5 қызметкер жарақат алса, бұл жұмысты ең қауіпті деп атау дұрыс емес. Сонымен қатар, болжау мүмкін емес жағдайлар да бар.
– Кез-келген компанияда, қызметкер камера алдында, бәрі тексерілген, бізде қауіпсіздік деңгейі 100%, бізде жарақат жоқ деуі мүмкін, бірақ экраннан тыс жерде, барлық қауіпсіздік шараларына қарамастан, тіпті ең жақсы компаниялардың өзінде де аталған жағдайлар болып тұрады. Бұл өмір заңы, – деп түйді еңбекті қорғау жөніндегі маман Юрий Костельцев.
Көп нәрсе жұмысшылардың өздеріне байланысты. Шахталарда қауіпсіздік ережелері үлкен әріппен жазылады, оны байқамау немесе білгеннің өзінде орындамау шахтердің өз еншісіндегі мәселе.
Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА, «QH»