Серозды менингиттің алдын алу!

Энтеровирустық инфекциялар, соның ішінде серозды менингит – интоксикация синдромымен және әртүрлі клиникалық көріністермен сипатталатын энтеровирустар (ішек вирустары) тектес вирустар тудыратын аурулар тобы.

Оның клиникалық көріністерінің бірі-серозды менингит. Серозды менингит-энтеровирус тудыратын ми қабығының жедел инфекциялық қабынуы. Ауру фекальды-ауыз және ауа-тамшылы жолмен таралады. Бұл патогенді микроорганизмдердің тіршілік әрекеті үшін ең қолайлы жағдайлар-жаз мезгілі мен күздің басы, ол кезде жеке гигиена ережелерін елемесе тез жұғуы мүмкін.

Инфекция көзі ауру адам немесе вирус тасымалдаушы, оның белгілері байқалмайды.Ауру лас қолдар мен су арқылы (кейде вирус хлорланған суда да кездеседі), жуылмаған жемістерді жегеннен кейін, ойыншықтар арқылы беріледі. Көптеген жағдайларда балалар иммундық жүйесінің жетілмегендігіне байланысты қауіп тобына жатады. Инфекция жоғарғы тыныс жолдарының және ас қорыту жолдарының шырышты қабаттары арқылы өтеді. Мұнда вирус көбейіп, жинақталады, содан кейін қан ағымымен орталық жүйке жүйесіне еніп, оның зақымдалуына әкеледі.

Серозды менингиттің кейбір түрлерін тудыратын энтеровирустар су арқылы берілетіні анықталды, сондықтан энтеровирустар жұқтырған су қоймаларында шомылатын балалардағы менингиттің маусымдық өршуі шомылу маусымында тіркеледі.

Балалардағы серозды менингиттің алдын-алу:

— серозды менингиттің өршуі кезінде кішкентай балаларға ашық су айдындарында шомылуға болмайды;  арнайы тазартылған немесе қайнатылған суды ішу керек, әсіресе жаз айларында;

— жеке гигиена ережелерін сақтауға, дәретханадан кейін және тамақ ішер алдында қолды жуу құралдарымен мұқият жуу;

— жемістер мен көкөністерді жер алдында жуу, мүмкіндігінше жидектер мен жемістерді қайнаған сумен шаю;

-Салауатты өмір салтын ұстану, күн тәртібін сақтау және иммунитетті нығайту.

Алғашқы белгілер пайда болған кезде медициналық көмекке жүгіну керек және ешқандай жағдайда өзін-өзі емдеуге болмайды!

Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Н.М.Аймағанбетов, бөлім басшысы Ж.Беркімбаева.