Семинар өткізілді

ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қарағандыда 6 қазандағы маңызды оқиғаны өткізу мәселелері бойынша семинар кеңес өтті. Бұл жиын барысында комиссия мүшелерін оқыту туралы да айтылды.

6 қазан АЭС салу жөнінде референдум өтеді. Айта кету керек, бұл ел тарихындағы үшінші референдум болмақ. АЭС салу – мәжілісте де әлеуметтік желілерде де талқыға түскен түйткілді мәселе. Орталық референдум комиссиясының өкілдері ҚР 20 өңірінде жұмыстарын бастап кетті.

ОРК Төрағасы Қарағандыда №792 және №794 учаскесінде болып, дауыс беру күніне дайындық барысымен танысты. Оларды жабдықтау және дауыс берушілер үшін қолайлы жағдай жасау мәселелеріне баса назар аударылды.

Жалпы ел бойынша 10 мыңнан астам дауыс беру жері бекітілді. Қарағанды облысында 650 учаскелік комиссия жұмыс істейді, олардың құрамында 4 440 адам бар. Облыс бойынша барлығы 761 604 сайлаушы тіркелген, оның 4 605-і мүгедектігі бар адам. Олар үшін дауыс беруге барлық жағдай жасалады. Тұрғындарды әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы ақпараттандыру ұйымдастырылды, арнайы онлайн-сервистер іске қосылды. 15 call-орталық ашылды. 109 қызметі жұмыс істейді.

Осы ретте ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия мүшелерін оқыту жүргізілетіндігін айтты. Оған қоса бұл оқытудың маңыздылығына баса назар аударылады.

– Бүгінгі біздің істеп жатқан тіршіліктеріміздің ішіндегі ең маңыздысы, ол комиссия мүшелерін оқыту. Себебі, маусым айында, Парламент өзінің өткен сессиясының аясында, депутаттардың бастамашылдығымен бірсыпыра біздің референдум туралы конституциялық заңымызға енгізген өзгерістерді мақұлдады, Президент қолын қойды. 17 шілде күні ол өзгерістер өз күшіне енді. Осы жаңғырған заң туралы, тиісті сабақты, тиісті семинарларды өткізу керек, – деп атап өтті ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Жұпар ТОНТАЙТЕГІ, «QH»