Саяси партияларды олардың филиалдарын тіркеуге және халықаралық байқаушыларды аккредиттеуге байланысты сайлауға жіберу туралы

Отырысқа облыстардың аумақтық сайлау комиссия­лары­ның төрағалары (бейнеконфе­ренция режімінде), саяси пар­тия­лардың, бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері қатыс­ты. Сондай-ақ отырысқа Әді­лет министрлігінің Тіркеу қыз­меті және заң қызметтерін ұйым­дас­тыру департаментінің директоры Алан Тіленчиев қатысты.


2023 жылғы 2 ақпанда «Қазақ­станның «Байтақ» жасылдар партиясы» және «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестіктерін олардың филиалдарының тірке­луіне байланысты Қазақстан Рес­публикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауға жіберу, сондай-ақ алдағы сайлауда халық­аралық байқаушыларды аккредиттеу мәселелері бойынша спикерлер сөз алды.
Орталық сайлау комис­сия­сының төрағасы Нұрлан Әбдіров ең әуелі қатысушыларды жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтілетін Дү­ниежүзілік сайлау күнімен құт­тықтады. Ол 2005 жылдың екінші ақпанында бірқатар елдің мемлекет басшылары сайлау бойынша көптеген маңызды ха­лық­аралық келісімге қол қойға­нын атап өтті. Дүниежүзілік сай­лау кү­нін құрудың мақсаты азамат­тар­дың сайлау құқықтарын қам­та­масыз ету және сайлау үдеріс­терін жетілдіру болып табылады.
Орталық сайлау комис­сия­сының мүшесі Шавкат Өте­місов Қазақстанның «Байтақ» жасыл­дар партиясы 2023 жыл­ғы 21 және 27 қаңтардағы қау­лы­лары­мен 15 өңірден мәсли­хат­тар де­путаттарын сайлауға жібе­ріл­генін хабарлады. Әзірге пар­тия­ның Абай, Ақмола, Жетісу, Сол­түстік Қазақстан және Ұлы­тау облыстарында ғана филиалы жоқ.
Ал «Respublica» партия­сы 2023 жылғы 21 және 27 қаң­тар­­­дағы қаулыларымен 19 өңір­­­ден мәслихаттар депутат­тарын сайлауға жіберілді. Осы­лай­ша, бұрын қабылданған қаулы­ларды ескере отырып, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы мен «Respublica» партиясы республиканың бар­лық өңірлерінде партиялық тізім­­дер бойынша сайланатын мәс­лихаттар депутаттарын сайлауға қатысуға жіберілді.
Отырыстың екінші мәселесі 2023 жылғы 19 наурызға тағай­ынд­алған Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы болды. Нұрлан Әбдіров биыл 20 қаңтарда сайлау науқаны шеңберіндегі бірінші отырыста Орталық сайлау комиссиясы сайлауды халықаралық байқау институтын ашқанын атап өтті. Бүгінде бір шет мемлекеттен және екі халықаралық ұйымнан аккредиттеуге ұсыныстар түскен.
Орталық сайлау комис­сия­­сының хатшысы Мұхтар Ерман Сыртқы істер министрлігі сай­лауды байқауға қатысу үшін халықаралық және парла­мен­таралық ұйымдарға, сондай-ақ Қазақстандағы дипломатиялық корпусқа шақырулар жібергенін хабарлады. Сонымен қатар Ор­талық сайлау комиссиясы 34 шет мемлекеттің орталық сайлау органдарының атына шақырулар жіберген. Бүгінде Орталық сайлау комиссиясына аккредиттеуге бір шет мемлекеттен және екі халықаралық ұйымнан 25 байқаушы, оның ішінде Палестинадан 1 байқаушы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Пар­ла­ментаралық Ассамблеясынан 11 байқаушы және ЕҚЫҰ-ның Де­мо­кратиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі Ми­с­сия­сынан 13 байқаушы ұсы­нылды.

Отырыс қорытындысы бо­йынша Орталық сайлау комис­сиясының мүшелері «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Мәжілісі депутат­тарының кезектен тыс сайлауын­да шет мемлекеттің және халық­аралық ұйымдардың байқау­шыларын аккредиттеу туралы» қаулы қабылдады. Сондай-ақ Мұхтар Ерман аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отыратынын атап өтті.