Саябақ көлін тазартатын мамандар келді

14 желтоқсан күні Қарағанды қаласындағы Орталық саябақта қала әкімінің орынбасары Халел Акимжанов пен Петропавл қаласы «Судың ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС техникалық директоры Николай Васильевтің кездесуі өтті. Николай Васильев аталмыш компанияның Қарағанды саябақ көлін құтқару жөніндегі ісқимыл жоспарын айтып берді.

Николай Викторович және оның қызметкерлері саябақ көлінен судың соңғы үлгілерін алу үшін кеншілер астанасына арнайы келді. Оның айтуынша, зерттеу жүргізуге қолайлы кезең ауа температурсының төмендеуіне байланысты болғандықтан осы уақытқа белгіленген. Бұрын хабарланғандай, көлге хлорелла суспензиясын – судың ластану деңгейін төменфдетуге, оның мөлдірлігін арттыруға, оттегімен қанықтыруға және жағымсыз иісті жоюға көмектесетін бірклеткалы жасыл балдырларды қосу жоспарлануда.

– Алғашқы қосымшаны шамамен ақпан айының соңында, наурыздың басында жасау керек. Екінші кезең мамыр айында, ал соңғы дозасы жазда шығарылады. Бұл үш қолданудың өзі бірінші нәтижелерді бере алады. Оң өзгерістер 2022 жылдың соңында немесе 2023 жылдың басында байқалуы мүмкін. Балдырлар көлге түсірілетін химия өнімдері емес екенін басшылыққа ала отырып, процесс табиғи жолмен жүретінін есте сақтау қажет. Хлорелла қолайлы жағдай жасау үшін барлық қажетті механизмдерді іске қоса алады. Сонымен қатар теріс микроорганизмдердің әрекетін басады. Сондай-ақ тоғанда балықтың пайда болуы үшін топырақ дайындаймыз. Ең дұрысы – біз келесі маусымда хлорелламен жұмыс жасауымыз керек, оның қалай әрекет ететінін көруіміз маңызды, – дейді Николай Васильев.

Халел Акимжанов бұл істе саябақ көлінің проблемаларын ұзақ жылдарға тоқтату үшін кешенді тәсілді қолдану өте маңызды екенін атап өтті. Бұрын хабарланғандай, суқоймасын хлорелла көмегімен тазартудан басқа, көл де мәжбүрлі аэрацияға ұшырайды. Сондықтан көлді Костенко шахтасындағы сумен толтыруды жоспарлап отыр.

– Өздеріңіз білетіндей, тазартудың бұл әдісі тиімді және экологиялық тұрғыда таза. Бұл фирманың үлкен тәжірибесі бар: Қазақстан бойынша 120-дан астам нысанды тазартқан. Біздің алдымызда кешенді міндеттер жүйесі бар. Яғни бірінші саябақ көлі ғана емес, қалған екеуі де тазартылады, сондай-ақ сумен толтырылады. Қазір біз Костенко шахтасынан көлдерге су жеткізу жобасын белсенді түрде пысықтап жатырмыз. Жоспар көктемге дейін тапсырылуы керек, ал жазда жұмыстар басталады.

Жобаны іске асыру мерзімі 2 жыл. Бұл – мұқият әрі егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін өте ауқымды жоба. Бұқпа толығымен тазартылып, тұрақты негізде төменгі ағыс пайда болады. Түрлі мәселелер туындамауы үшін барлық гидротехникалық шешімдерді қарастыру қажет, – деп бөлісті Халел Акимжанов.

«Судың ғылыми-технологиялық орталығы» ЖШС басшысы Николай Васильев Қазақстандағы өзен-көлдерге қатысты туындайтын проблемалардың өте кең таралғанын, алайда көп жағдайда шешуге болатынын атап өтті. Ол өз тәжірбиесіндегі жарқын мысалдармен бөлісті.

– Біздің жұмысымыздың жарқын мысалдарының бірі – ауданы шамамен 80 гектар болатын Солтүстік Қазақстан облысындағы Федосейкино көлін тазарту процесі. Жекеменшік иеліктегі көл аумағында балықтар тіршілігін тоқтатқан соң, иесі біздің компанияға жүгінді. Біз суқоймасында хлорелланы іске қостық. Дәл сол маусымның өзінде-ақ алғашқы әрі елеулі өзгерістер пайда болды, – деп бөлісті Николай Викторович.

Аружан АЛПЫСБАЙ,

«QH»