“SARYARQA AQPARAT” МЕДИАХОЛДИНГІ «ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ» АКЦИЯСЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Көпшіліктің сұрауы бойынша біз акцияны 1 мамырға дейін ұзартамыз! Қазірдің өзінде 330-дан астам материал келіп түсті. Сіздерді де акцияға қатысуға шақырамыз! Ол үшін бізге Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан туыстарыңыздың жеке деректері көрсетілген фотосуреттері мен қысқаша өмірбаянын жіберіңіз.
Ардагерлердің суретін А6 (10х15)- jpg және pdf форматында жіберу керек. Фотосуреттер сапалы болғаны абзал. Алынған материалдардан арнайы ролик дайындалады. Осы ролик Жеңіс күні қарсаңында интернет ресурстарда және қаланың led-экрандарында көрсетіледі.
Мәліметтерді мына электронды почта saryarqaaqparat09@gmail.com және
87765331054 Whatsapp, Telegram нөмірі арқылы жіберуге болады.
Материалдар 1 мамыр сағат 20:00-ге дейін қабылданады.
Шыққан бейнеролікті @LIFE09kz әлеуметтік желісінен көре аласыздар.