САНАҚ ПЕРСОНАЛЫН ҚАБЫЛДАУ

Санақ Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті ақылы қызмет көрсету келісім шарты бойынша санақ персоналын қабылдайтынын хабарлайды:

Нұсқаушы-бақылаушы Интервьюер (тіркеуші)

Жұмыс кезеңі2021 жылғы 26 қыркүйектен бастып 7 қарашаға дейін 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 30 қазанға дейін.

Негізгі функциялар – Интервьюерлерді оқыту, интервьюерлер жұмысының сапасына бақылау жүргізу, санақ парақтарының толық толтырылуын, алынған алғашқы статистикалық деректердің қамтылуын және шынайылығын бақылау

Үй шаруашылықтары арасында үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бекітілген тіркеу учаскесінде планшетте электрондық түрде халық санағын жүргізу.

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар – Талдамалық ойлау, командамен жұмыс істеу, қарым-қатынас жасау, ауызша және жазбаша қарым-қатынас, жауапкершілік, этикалық нормаларды сақтау, нәтижеге бағдарлау. Барлық қажетті негіздерге назар аудару, көпшілдік, ауызша және жазбаша қарым-қатынас, жауапкершілік, этикалық нормаларды сақтау, нәтижеге бағдарлау.

Еңбекақысы 125 мың теңге (жұмыстың барлық кезеңінде) орташа жүктеме 833 санақ объектісі болған жағдайда 104 мың теңге.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

— жасы – 18 жас және одан асқандар;

— білімі – жоғары, техникалық және кәсіптік (орта арнайы), ортадан кейін, жалпы орта білім, еңбек өтіліміне қойылатын талаптарсыз;

— портативті құрылғылармен – планшеттермен жұмыс істеу дағдыларына ие болу.

Санақтың нұсқаушыбақылаушысы және интервьюерлеріне үміткерлер тек коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның толық курсын алған жағдайда жұмысқа тартылады.

Үміткерлердің өтінімдері (түйіндемелері) m.kabulova@ aspire.gov.kz, gorstat125@mail.ru Қарағанды қаласы

Статистика басқармасының электрондық мекенжайларына қабылданады.

Өтінімде (түйіндемеде) міндетті түрде жасы, білімі, жұмыс тәжірибесі, қалаған лауазымы және үміткердің жұмыс істегісі келетін елді мекен көрсетілуі қажет.

Анықтама телефондары: 41-47-33, 41-44-76, 41-49-82. WhatsApp: 8-776-720-7006, 8-701-776-1668