Сақтансаң сақтайды

Өзіңізге уақыт табыңыз. Қыркүйек айы гинекологиялық қатерлі ісік туралы хабардар болу айы деп бекітілді. Облыстық онкологиялық диспансер дәрігерлері аурудың түрлерін айтып, ең бастысы дер кезінде сырқаттың алдын алу жолдарын айтты.


20 қыркүйек – Халықаралық гинекологиялық қатерлі ісік туралы ақпараттандыру күні және біздің Қарағанды облысында қыркүйек айы түгелдей түсіндіру және профилактика айы болып жарияланды. Жаман ауру дәрігерлердің айтуынша, барлық жас санаты бойынша жас талғамайды.

– Жатыр мойын қатерлі ісігі, еліміз бойынша жылына 1 900 сырқатқа дейін анықталады. Оның 600-ге жуығы көз жұмады. Көбінесе бұл ауру жастар арасында жиі кездеседі. Сырқаттың алдын алуға болады, – дейді №3 көпсалалы ауруханасының онкогинеколог дәрігері Нұрмұхаммед Әбдіхалықов.

Гинекологиялық қатерлі ісіктің ерте диагностикасы қолайлы болжам тұрғысынан маңызды. Түрі мен дәрежесіне байланысты гинекологиялық ісік хирургиялық процедуралармен, химиотерапиямен, молекулалық мақсатты терапиялық препараттармен, сәулелік терапиямен немесе олардың әртүрлі комбинациясымен емделеді.


– Осы айда біздің мекемеде ашық есік күні жарияланды. Сағат таңертеңгі тоғыздан түскі бірге дейін. Сырқат жандар келсін, екі дәрігер келген тұрғындарға жауап беруге тырысады. Бұл жерде ешқандайда қорқудың қажеті жоқ. Уақытылы дәрігерлерге қаралған кезде, қиындықтар туындамайды. Алты ай сайын, дәрігерге қаралып тұру керек. Әр адамның денсаулығы өз қолында, – деп атап өтті амбулаториялық-емханалық қызмет меңгерушісі Анатолий Красножен.

Жатыр мойны обырын ерте кезеңде диагностикалаудың ең оңай жолы – оның көмегімен сіз емдеуді минималды араласумен жатыр мойнының конустық резекциясымен шектелетін ісік алды сатысында өзгерістерді анықтай аласыз. Сол себепті жыл сайын тексерістен өту керек. Ең жиі кездесетін гинекологиялық қатерлі ісік – жатыр ісігі, аналық без обыры және жатыр мойны обыры. Екінші кезең – лимфа түйіндерінің процеске қатысуы мүмкіндіктерді азайтады. Ісік кез-келген дене мүшелеріне өскін алуы әбден мүмкін.

ҚАНАҒАТ ЖИЕНҚҰЛОВА, «QH»