Өрт – тілсіз жау
Балалар от тұтанған пәтерде ұйықтаған. Майқұдықта екінші кварталда жуырда ғана өртеніп кеткен пәтердің иесі, өрттің қалай басталғанын және оның неден шыққанын, сондай-ақ сол күні басынан кешкен қиындықтарын айтып берді. Өрттен зардап шеккендер бүгінгі күні өздерін қалай сезінеді және алаңдаушылық танытқан қала тұрғындарынан не сұрайды?
Майқұдықтағы екінші квартал ықшам ауданында өрт тұтанып жатыр деген ақпарат, қаламызда жылдам тарады. Оқиға өткен сейсенбі кешкілік орын алды. Өрт сөндірушілер өз жұмыстарын тез орындап, адамдарды құтқарып, өртті сөндірді, зардап шеккендер жоқ.
— Құтқарушылардың жылдам әрекет етуінің арқасында өрт дер уақытында сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің негізгі себебі үйді жылыту құрылғысы, дұрыс жұмыс істемеген, -деді Қарағанды қаласы ТЖБ басшысы Бауыржан Хабдулин.
Ирина Цойдың өмірін бір түнде астаң-кестенің шығарған жылытқыш болды. Ол алған дене жарақатынан ғана емес, қазір де ойдан есеңгіреп қалғандай. Ирина Цой бірінші қабаттағы бірінші пәтерінен қандай дүние қалғанын көрсетті. Мұнда әліде жарық жоқ, суықтан сынған терезелер целлофанмен жабылған, өрт болған күні де күн суытып, 4 және 5 жастағы науқас немерелеріне жылытқыш қосып берген.
— Мен ас үйде жүргенде, немерелерім ауырған соң, үй суық болып, қытайлық құрылғыны жылытуға қостым. Балалар ұйықтап жатқан еді. Ас үйде отырып, жалынды байқап қалдым. Өртті өзім сөндіруге тырыстым, болмаған соң, құрбыма хабарластым. Қазір түксіз қалдық, -дейді үй иесі Ирина Цой.
Көршілер қарап қалмай, әрекет ете бастады — олар құтқарушыларды шақырды, балаларды өртке оранған пәтерден алып шықты және Иринаның өзін алып шықты, себебі, сәл кешіккенде оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді.
— Менің үлкен немеремнің басы күйіп қалды. Кіші немерем қызыл жалынды көріп шошып қалды. Кекештеніп, сөйлей алмай жүр. Қатты қорқып қалды, – дейді Ирина Цой.
Бұл пәтерде қазір Иринаның өзі түнеп жатыр, қызы мен балалары таныстарын паналап жүр. Оның ұялы телефоны, құжаттары түгелдей өртеніп кетті. Бұл пәтердің бірінші қабатта болғаны жақсы болды дейді өздері, себебі, розеткалар зақымданатын еді, өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермеді, сондықтан тек жоғарыдағы көршінің балконы жанып кетті. Бірақ пәтердегі күйік иісі әліде қолқаны қабады. Иринаның өзі есепші болып жұмыс істеген, бірақ қазір немерелеріне қарау үшін уақытша жұмыс істемейді.
— Мен не істеу керектігін білмеймін. Суық келді, қыс жақындап қалды. Қолдап жіберсеңіздер деген тілегім бар. Тірнектеп жинаған үйіміз еді. Құжаттарымызда қалмады. Тым болмаса жиһаз бен терезе салып берсе деймін, — дейді Ирина Цой.
Ирина Цойға көмектесемін деушілерге көршісі Бақыт Садырованың телефон нөміріне хабарласуға болады. Тұрғын үйді қалпына келтіру үшін жерлесімізге кез келген көмек қажет.
Көмек көрсетемін деушілер 8-702-359-33-20 нөміріне хабарласа алады.
АЙДЫН ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ, «QH»