Ұрпақ болашағы алаңдатады
Жасөспірімдер қылмысының алдын алу полиция органдарының қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Аталған бағыттағы жұмыс барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, өзге де ведомстволармен және балалар мен жастар проблемаларымен айналысатын қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауда жүргізілетін кешенді жұмысқа үлкен жауапкершілік жүктейді.
Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында Қарағанды қаласының Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясында Қарағанды қаласы полиция басқармасының басшылығы жұмыс кеңесін өткізген болатын.
Жұмыс кеңесіне Қарағанды қаласының әкімдігінің өкілдері, Қарағанды қаласы білім бөлімінің басшысының м. а. Наталья Головина, Қарағанды қаласы полиция басқармасы жанындағы азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі кеңестің өкілі Ирина Назырова , Қарағанды қаласының жалпы білім беретін мектептерінің директорлары, сондай-ақ барлық аумақтық бөлімдердің бастықтарымен ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысқан жұмыс кеңесін ұйымдастырды.
Жұмыс кеңесінің негізгі мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алуға, жасөспірімдер ортасындағы криминогендік жағдайды тұрақтандыруға, мектеп қабырғасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жасалуын болдырмауға бағытталған.. Кеңесті Қарағанды қаласы полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Шахназар Салин ашты.
Қалалық полиция басшысы жалпы білім беру мекемелерінің барлық өкілдеріне қазіргі өмір сүру жағдайлары қоғамның топтарын күрт ажыратқанын айтты. Көбінесе, дәл осы фактор жасөспірімдерді мүліктік қылмыс жасауға итермелейді. Осыған байланысты, ата-аналар жиналыстарында басты назарды балаларға қылмыстық қол сұғушылық объектісіне айналуы мүмкін қымбат заттарды сатып алмау қажеттігіне тоқталды.
-Бүгін біз осы жұмыс бағытында балалар және жасөспірімдермен тығыз байланыста жұмыс жасайтын мүдделі ведомстволардың қатысуымен бірлескен кеңес өткізуді ұйғардық, өйткені бір жақты жазалау шараларымен, кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға тосқауыл қою мүмкін емес.
Осыған байланысты бірлескен іс-шаралардың бекітілген жоспарларына сәйкес күш-жігерді біріктіріп, жұмысты мақсатты түрде жүргізу қажет- деп, атап өтті.
Қарағанды қаласының ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бауыржан Мұхамеджанов Қарағанды қаласы бойынша жасөспірімдер ортасындағы қылмыстың жай-күйі және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшелер қызметкерлерінің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы сөз сөйледі.
— Ішкі істер органдары бұл бағытта айтарлықтай жұмыс жүргізуде. Әрине, біз бұл проблемалардың туындау фактісі бойынша ғана жұмыс істемейміз, олардың алдын алуға тырысамыз
Кәмелетке толмағандар тарапынан қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан профилактикалық сипаттағы шаралардың арқасында ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қарағанды қаласы бойынша кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны – 30,0 % -ға азайды, — деп атап өтті Б.Мұхамеджанов өз баяндамасында.
Жұмыс кеңесінің соңында полиция полковнигі Шазназар Салин Қарағанды қаласының Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназиясының директоры Қымбат Оспановаға аталған іс-шараны өткізуді ұйымдастыруға атсалысқаны үшін алғысын білдірді. Мұндай шаралардың алдағы уақытта да білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алуға және уақтылы жолын кесуге бағытталған тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік беретіндігіне сенім білдірді..
Қарағанды қаласының ПБ