«ROBOT MOUSE» турнирі өтті

Қарағандыда робототехника және бағдарлама жазу бойынша V қалалық «ROBOT MOUSE» ашық турнирі өтті. Байқауды Қарағанды қаласының Білім бөлімі мен Мектепке дейінгі робототехника халықаралық федерациясы бірлесіп ұйымдастырған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара мақсаты – балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру және алдыңғы қатарлы тәжірибелермен алмасуға қолайлы алаң ұсыну.

Байқау «Robot Mouse» және «Робот-ара» санаттары бойынша ұйымдастырылды. Оған еліміздің әр аймағынан 24 команда қатысты. Қарағанды қаласының намысын 12 команда қорғады.

Байқау қорытындысында үздік танылған командаларға Қарағанды қаласы Білім бөлімінің дипломдары мен Жеңімпаз кубогы табысталды. Жүлделі орындар келесі санат бойынша бөлінді:

1-орын (Robot Mouse) – «Жұлдыз» командасы, «Жұлдыз» бөбекжайы, Теміртау қаласы;

2-орын (Robot Mouse) – «Junior-NEXT» командасы, «Одарёшка» балабақшасы» ЖШС, Қарағанды қаласы;

3-орын (Robot Mouse) – «ROBOKIDS «BALAQAI» командасы, «Балақай» бөбекжайы, Қарағанды қаласы;

«Robot Mouse» аталымы бойынша – Құсбек Айғаным, «Балбөбек» бөбекжайы, Нұра ауданы, Нұра ауылы.

1-орын (Робот-ара) – «Smart Kids» командасы, «Одарёшка» балабақшасы» ЖШС, Қарағанды қаласы;

2-орын (Робот-ара) – «Жұлдыздар» командасы, №56 бөбекжай балабақшасы, Алматы қаласы;

3-орын (Робот-ара) – «Smart bees» командасы, «Снегурочка» бөбекжайы, Шахтинск қаласы.

Арман АБИЛҚАСЫМОВ