Құрметті ұстаздар, оқытушылар, оқушылар, студенттер және ата-аналар!

Сіздерді 1 қыркүйек — жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!

Бұл мейрамның әрбір адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде бүгінгі күн мәңгіге сақталады. Бүлдіршіндер үшін бұл сәулелі сәт қана емес, сонымен қатар жарқын болашағына жасайтын маңызды қадам да. Сондықтан, олардың білім шаңырағындағы әр сағаты қызықты сабақтармен, таңғажайып жаңалықтарымен ұштассын! Мыңдаған оқушылар мен студенттер, ұстаздар мен оқытушылар үшін бірінші қыркүйек — жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы.

Жаңа оқу жылы әрбір оқушы, студент, мұғалім және оқытушы, жалпы білім беру саласына қатысы бар әрбір адам үшін қызықты әрі пайдалы болуын тілейміз!

Қымбатты білім алушылар, мұғалімдер мен ата-аналар! Сіздерді Білім күнімен құттықтай отырып, бұл оқу жылының баршамызға табысты, жемісті болуын тілейміз!

Қарағанды қаласының әкімі  Е.Бөлекпаев

Қарағанды қалалық  мәслихатының хатшысы   Қ. Бексұлтанов