Құрметті Қарағандылықтар және қала қонақтары!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде. Осы отыз жыл ішінде Қазақстан әлемдік өркениетте орын алатын әлеуетті мемлекет ретінде қалыптасты.

Қала тұрғындарының ерен еңбектерінің нәтижесінде өңірде экономиканың барлық бағыттары қарқынды дамып келеді. Әр салада жаңашыл бастама мен игілікті істер бар.

Біздің бүгінгі мақсатымыз бен міндеттеріміз тұрғындарымыздың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейін көтеруге бағытталған. Қала тұрғындарының игілігіне арналған әлеуметтік нысандар жөндеуден өтіп пайдалануға берілсе, көшелер жарықтандырылып, кәсіпкерлік бағыттағы бірқатар қызмет көрсету орындары ашылды.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп халқымыз айтқандай, осы жетістіктеріміз берекелі бірлігімізбен бірлесе атқарған еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдеміз.

Ардақты ағайын!

Жаңа жылды әр адам үкілі үмітпен, ізгі ниетпен және ақ тілекпен қарсы алады. Келер жыл жағымды жаңалыққа, қуанышты сәттерге толы болсын!

Сіздерді жаңа жылмен шын жүректен құттықтай отырып, Жаңа жыл әр отбасына амандық, баршаңызға мықты денсаулық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс, елімізге береке-бірлік тілейміз!

Жаңа жыл құтты болсын!

Е.БӨЛЕКПАЕВ,

Қарағанды қаласының әкімі

Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,

Қалалық мәслихат хатшысы