Құрметті Қарағандылықтар!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймыз!

Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Осы отыз жыл ішінде Қазақстан әлемдік өркениетте орын алатын әлеуетті мемлекет ретінде қалыптасты.

Өзінің мемлекеттік рәміздері бар, тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халық алдындағы еңбегі зор.

Тұңғыш Президенттің басшылық етуімен Қазақстан бәсекеге қабілетті мен зияткерлік ұлты бар елге айналды. Әлемдегі жоғары дамыған өркениетті мемлекеттермен тәуелсіз Қазақстан терезесі тең, беделі жоғары, болашағы зор мемлекет болып қалыптасты.

Елбасының сындарлы саясатының арқасында біз әлеуметтік-экономикалық даму үрдістеріне қол жеткіздік. Еліміздің Тұңғыш Президенті тарихқа егемен Қазақстанның барлық жетістіктерімен байланысты тұлға ретінде, халқына, Отанына қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылатын әлемдік ауқымдағы көрнекті саясаткер ретінде мәңгілікке енді.

Бірліктің арқасында біз көптеген қиындықтарды еңсердік, бүкіл әлемде құрмет пен мемлекетті тануға қол жеткіздік, ел құруда үлкен жетістіктерге жеттік. Барлық сындарды еңсеретінімізге және достық, бірлік, келісім мен өзара қолдаудың мызғымас қағидаларын ұстана отырып, елеулі жетістіктерге жететенімізге сенімдіміз.

Осы атаулы мереке күні баршаңызға жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда сәттілік, қаламыздың игілігі жолындағы еңбектеріңізге жемісті табыстар тілейміз!

Е. БӨЛЕКПАЕВ,

Қарағанды қаласының әкімі,

Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,

қалалық мәслихат хатшысы.