Ревакцинация туралы
«Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы халыққа ревакцинация жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 15.11.2021 ж. №49 қаулысына сәйкес КВИ-ға қарсы ревакцинацияға жататын халықтың (тәуекел тобының) контингенттері айқындалды, олар
— медицина қызметкерлері;
— педагогтар;
— күш құрылымдарының қызметкерлері;
-медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті;
— 60 жастан асқан тұлғалар;
— КВИ-ға қарсы вакцинациялаудың аяқталған курсынан кейін КВИ-ға қарсы антиденелер табылмаған иммунитеті әлсіреген адамдар;
— өз бетінше тексерілген (КВИ-ға қарсы бастапқы вакцинация курсы аяқталғаннан кейін 28 күннен ерте емес) және КВИ-ға қарсы антиденелерге зерттеудің теріс нәтижесі бар адамдар.
КВИ-ға қарсы Ревакцинация мынадай аралықтарды сақтай отырып жүргізіледі:
— векторлық вакциналарды енгізгеннен кейін — 9 айдан кейін;
— инактивацияланған вакциналарды және М-РНК-вакциналарды енгізгеннен кейін — 6 айдан кейін.
КВИ-ға қарсы вакцинацияның бастапқы курсы үшін пайдаланылған вакцинамен КВИ-ға қарсы ревакцинация жүргізуге жол беріледі.
КВИ-ға қарсы халықтың (тәуекел топтарының) ревакцинациясы 2021 жылғы 22 қарашадан басталады.