Референдум – игі бастамалардың алғашқы қадамы

Елімізде ашық саясаттың жаңа кезеңі басталайын деп отыр. Енді барлық саяси күштер сайлаушылардың нақты сұранысына басымдық береді. Сонымен бірге референдум мемлекеттің жаңа мақсаттарын жүзеге асыру болып саналады. Халық еліміздің сайлау жүйесіне сенуі керек. Бұл – билік легитимдігінің негізі. Сайлау саяси өміріміздегі қалыпты жағдайда айналуға тиіс. Біз бірте-бірте осыған келе жатырмыз.

Ең бастысы – ішкі саяси тұрақтылықты сақтау. Президентіміз өте жауапты және тез шешім қабылдайды. Біз оған бірнеше рет куә болдық. Біз оның ішкі саяси тұрақтылық пен ел бірлігін сақтауға бағытталған саясатын қолдаймыз.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов