ҚР Жоғарғы Соты және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР Жоғарғы Соты және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, оның басым мақсаты қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды күшейту болып табылады.
Жоғарғы Сот пен Агенттіктің алдағы 5 жылдағы бірлескен қызметі өзара іс-қимыл жасаудың негізгі бағыттары мен нысандарын әзірлеуге, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге және уақтылы қорғауға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға бағытталатын болады.